1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні

© Sputnik / Болат Шайхинов архив
 архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.05.2022
Жазылу
Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтудің тағы бір себебі, этникалық бейбітшілік пен келісім саясаты – мемлекеттің негізгі басымдықтарының бірі
АЛМАТЫ, 1 мамыр – Sputnik. Бүгін – Қазақстан халқының бірлігі күні. 1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан президентінің жарлығымен Қазақстан халқының бірлігі күні бекітілді.
бұл күн "Қазақстан халықтарының бірлігі күні" деп аталған. Қазақстан халқы ассамблеясының атауы да көптік жалғаумен болды. Кейінірек көптік жалғау алынды. Негізгі мақсат – Қазақстан халқының біртұтас ел екенін көрсету.
Бұл күнді бекітудің себебі де бар. Себебі Қазақстанда 100-ден астам ұлттың өкілі тұрады. Олардың ішінде қазақтар өзге орыстар, татарлар, өзбектер, украиндар, грузиндер, армяндар, шешендер, ингуштер, беларусьтар, корейлер, қырғыздар және тағы басқалары бар.
Басым бөлігі Қазақстанға ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы жаппай депортациялау және эвакуациялау кезінде көшіп келген. Тәуелсіздік алғаннан кейін де әртүрлі ұлт өкілдері қазақ жеріне қоныстанды. Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтудің тағы бір себебі, этникалық бейбітшілік пен келісім саясаты – мемлекеттің негізгі басымдықтарының бірі.
Қазақстанда жыл сайын 1 мамырдың алдында Ассамблеяның отырысы өтіп тұрады. Биыл да ұйымның 31 сессиясы ұйымдастырылды. Жиында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көзқарасы мен наным-сенімі әртүрлі қазақстандықтарды бір-бірін түсінуге шақырды.
Президент заң азаматтардың өзекті проблемаларын шешу үшін жетілдіріліп отыруға тиіс екенін атап өтті.
"Заң, әділдік және тәртіп біздің бақуатты өмірімізді айқындайтын нақты факторларға айналады. Біз көзқарасымыз мен наным-сеніміміз әртүрлі болғанына қарамастан, бір-бірімізді қабылдап, түсінуіміз керек. Түйісу нүктелерін іздеп, бізді біріктіретін дүниелерді нығайтуымыз қажет. "Әртүрлі көзқарас, бірақ бір ұлт" қағидаты ешқашан өзгермейді", - деді Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясында.
1 мамыр мемлекеттік мерекелер санатына кіреді. Сондықтан жыл сайын осы күні қазақстандықтар демалады.
Биыл мейрам жексенбіге түсіп отыр. Сол себепті дүйсенбі де демалыс күні болады.
Жаңалықтар
0