https://sputnik.kz/20220430/azamattyq-aviatsiya-komiteti-ushaq-apaty-24570520.html
Авиация әкімшілігі мен Азаматтық авиация комитеті ұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады
Авиация әкімшілігі мен Азаматтық авиация комитеті ұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады
Sputnik Қазақстан
Қазақстанның авиация әкімшілігі мен Азаматтық авиация комитеті Bek Air ұшағының пилотын айыптау қисынсыз деп есептейді 30.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-30T17:09+0500
2022-04-30T17:09+0500
2022-04-30T17:09+0500
ұшақ апаты
https://sputnik.kz/img/1238/21/12382146_0:97:1040:682_1920x0_80_0_0_d68946144153b7199b6150a8565477cf.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір — Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көліктегі апаттар мен оқыс оқиғаларды тергеу департаментінің директоры Болат Наурызәлиевтің Bek Air ұшағының апатқа ұшырауына пилот кінәлі деген мәлімдемесін Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиация әкімшілігі қисынсыз деп атады.Аталған ведомстволар ұшақтардың апатқа ұшырауын тергеу жұмыстары ең алдымен себебін анықтап, алдағы уақытта апаттардың алдын алуға арналған ұсыныстар әзірлеу үшін қажет деп санайды.Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ИКАО (Халықаралық азаматтық авиация ұйымы) стандарттары мен ұлттық заңнаманы басшылыққа алады. Сондықтан біреудің кінәсі мен жауапкершілігін анықтау авиация оқиғасы немесе апатты тергеудің мақсаты болып табылмайды.Мұз басуға қарсы өңдеуді қолдану туралы шешімді пайдаланушы – әуе көлігінің командирі қабылдайды. Ал ИАКО стандарты бойынша ұшақта мұз басуға тексеру және оны жою жұмыстары жүргізілгеннен кейін ғана ұшу орындалады.Әуе компаниялары мен әуежайлар SAE халықаралық стандарттарын басшылыққа алады. Бұл құжатта мұз басуға қарсы өңдеу, өңдеуді орындайтын қызметкер біліктілігі, мұз басуға қарсы қолданылатын сұйықтықтар сапасы және тағы басқаларға қойылатын талаптар қарастырылған. Жыл сайын қызмет көрсетуші компанияларға SAE талаптарына сәйкестік бойынша тексеру жүргізіледі."Тергеу органының басқа мәлімдемелеріне қатысты айтар болсақ, Азаматтық авиация комитетінің құзырлы тұлғалары тарапынан әрекетсіздігі пен салғырттығы атап көрсетілген нормативті-құқықтық актілерге сілтеме жасауды қате мәлімет деп санаймыз. Аэродром маңы аумағының жай-күйін бақылау (құрылыс нысандарын анықтау және келісілмеген нысандар тұрғызу) әуежайдың негізгі міндетіне жатады. Олар жылына кемінде екі рет кедергілердің бар-жоғына тексеру жүргізіп, қажеттілік туындаса, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға хабар беруі керек", - деп жазылған мәлімдемеде.Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін жұмыс жүргізуге арналған рұқсатнама беру ережелері бар. Олар әуежайдағы тұрақты комиссияның қорытындысы негізінде беріледі. Ал комиссия аталған жұмыстың ұшулар қауіпсіздігіне әсер ету деңгейін анықтайды, бірақ нысан тұрғызуға жер телімдерін бермейді.Бұл жағдайда аумақта құрылыс жүргізу және жер телімдерін ұсыну жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатады, деп мәлімдеді Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі.Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әуежай маңынағы аумақта жер телімдерін беру кезінде заң талаптарын сақтау қажеттілігі туралы ескертуді әкімдіктерге тұрақты жолдап отырады.Алматы маңындағы ұшақ апаты2019 жылы 27 желтоқсанда Bek Air жолаушылар ұшағы Алматыдан ұшып шыққаннан кейін бірден құлады. Ұшақ бетон қоршауға соғылып, екі бөлікке бөлінді. Апат салдарынан 12 адам қаза болды. Экипаж командирі оқиға орнында көз жұмса, ауруханадан шыққаннан кейін екінші ұшқыш қайтыс болды. Ұшақ бортында 93 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі болған.Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін үкімет комиссиясы құрылды. 2019 жылы 28 желтоқсанда Қазақстанда ұлттық аза тұту күні болды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1238/21/12382146_0:0:1040:780_1920x0_80_0_0_c499dc72988a8fd918ffc006557e35a0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұшақ апаты
Авиация әкімшілігі мен Азаматтық авиация комитеті ұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстанның авиация әкімшілігі мен Азаматтық авиация комитеті Bek Air ұшағының пилотын айыптау қисынсыз деп есептейді
НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір — Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көліктегі апаттар мен оқыс оқиғаларды тергеу департаментінің директоры Болат Наурызәлиевтің Bek Air ұшағының апатқа ұшырауына пилот кінәлі деген мәлімдемесін Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиация әкімшілігі қисынсыз деп атады.
Аталған ведомстволар ұшақтардың апатқа ұшырауын тергеу жұмыстары ең алдымен себебін анықтап, алдағы уақытта апаттардың алдын алуға арналған ұсыныстар әзірлеу үшін қажет деп санайды.
Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ИКАО (Халықаралық азаматтық авиация ұйымы) стандарттары мен ұлттық заңнаманы басшылыққа алады. Сондықтан біреудің кінәсі мен жауапкершілігін анықтау авиация оқиғасы немесе апатты тергеудің мақсаты болып табылмайды.
"Көліктегі апаттар мен оқыс оқиғаларды тергеу департаментінің директоры Болат Наурызәлиевтің әуе көліктерінің мұз басуға қарсы өңдеуге қатысты пікірін шындыққа жанаспайды және мына себептерге байланысты қоғамда теріс пікір қалыптастырып отыр деп санаймыз. Әуе көліктерінің мұз басуға қарсы өңдеуге қойылатын тааптар регламенттелген. Оның үстіне, әуе көлігінің әр түріне арналған өз нұсқаулығы бар. Оны әуе көлігін дайындаушылар қабылдайды және қатаң сақтауды талап етеді", - деп жазылған мәлімдемеде.
Мұз басуға қарсы өңдеуді қолдану туралы шешімді пайдаланушы – әуе көлігінің командирі қабылдайды. Ал ИАКО стандарты бойынша ұшақта мұз басуға тексеру және оны жою жұмыстары жүргізілгеннен кейін ғана ұшу орындалады.
Әуе компаниялары мен әуежайлар SAE халықаралық стандарттарын басшылыққа алады. Бұл құжатта мұз басуға қарсы өңдеу, өңдеуді орындайтын қызметкер біліктілігі, мұз басуға қарсы қолданылатын сұйықтықтар сапасы және тағы басқаларға қойылатын талаптар қарастырылған. Жыл сайын қызмет көрсетуші компанияларға SAE талаптарына сәйкестік бойынша тексеру жүргізіледі.
"Тергеу органының басқа мәлімдемелеріне қатысты айтар болсақ, Азаматтық авиация комитетінің құзырлы тұлғалары тарапынан әрекетсіздігі пен салғырттығы атап көрсетілген нормативті-құқықтық актілерге сілтеме жасауды қате мәлімет деп санаймыз. Аэродром маңы аумағының жай-күйін бақылау (құрылыс нысандарын анықтау және келісілмеген нысандар тұрғызу) әуежайдың негізгі міндетіне жатады. Олар жылына кемінде екі рет кедергілердің бар-жоғына тексеру жүргізіп, қажеттілік туындаса, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға хабар беруі керек", - деп жазылған мәлімдемеде.
Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін жұмыс жүргізуге арналған рұқсатнама беру ережелері бар. Олар әуежайдағы тұрақты комиссияның қорытындысы негізінде беріледі. Ал комиссия аталған жұмыстың ұшулар қауіпсіздігіне әсер ету деңгейін анықтайды, бірақ нысан тұрғызуға жер телімдерін бермейді.
Бұл жағдайда аумақта құрылыс жүргізу және жер телімдерін ұсыну жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатады, деп мәлімдеді Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әуежай маңынағы аумақта жер телімдерін беру кезінде заң талаптарын сақтау қажеттілігі туралы ескертуді әкімдіктерге тұрақты жолдап отырады.
Алматы маңындағы ұшақ апаты
2019 жылы 27 желтоқсанда Bek Air жолаушылар ұшағы Алматыдан ұшып шыққаннан кейін бірден құлады. Ұшақ бетон қоршауға соғылып, екі бөлікке бөлінді. Апат салдарынан 12 адам қаза болды. Экипаж командирі оқиға орнында көз жұмса, ауруханадан шыққаннан кейін екінші ұшқыш қайтыс болды. Ұшақ бортында 93 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі болған.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін үкімет комиссиясы құрылды. 2019 жылы 28 желтоқсанда Қазақстанда ұлттық аза тұту күні болды.