Астаналықтар бір-біріне жүгіріп бара жатқан сарбаздардың видеосын жіберіп жатыр
16:26 30.04.2022 (жаңартылды: 09:51 09.08.2023)
© Photo : Минобороны РКҚазақстан Қарулы күштерінің 30 жылдығына арналған жаппай жүгіріс
© Photo : Минобороны РК
Жазылу
Нұр-Сұлтанда Жеңіс күніне орай жаппай жүгіру іс-шарасы өтті
НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір – Sputnik. Желіде Нұр-Сұлтанда жүгіріп бара жатқан сарбаздар түсірілген видео тарап жатыр. Қорғаныс министрлігі бұл Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл және Жеңіс күнінің 77 жылдығына арналған жаппай жүгіру іс-шарасы екенін хабарлады.
Жүгіруге Қазақстан Қарулы күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мыңнан астам әскери қызметшісі, сондай-ақ елордалық Әскери колледж бен "Жас сарбаз" қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.
Спорттық іс-шара "Отан. Армия. Жас сарбаз" деп аталды. Оның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу.
© Photo : Минобороны РКҚазақстан Қарулы күштерінің 30 жылдығына арналған жаппай жүгіріс
Қазақстан Қарулы күштерінің 30 жылдығына арналған жаппай жүгіріс
© Photo : Минобороны РК
"Бұндай көлемдегі іс-шара елордада алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Жаппай жүгіру Қарулы күштердің 30 жылдығы мен Ұлы Жеңістің 77 жылдығына арналды. Оған әскери қызметкерлер ғана емес, өскелең ұрпақ – болашақ Отан қорғаушылар қатысты", - деді Бас штаб бастығының орынбасары Серік Бурамбаев.
Қатысушылар "Отан қорғаушылар" мемориалдық кешенінен Тәуелсіздік, Момышұлы даңғылдары, Сарайшық, Түркістан және Достық көшелерінің бойымен "Астана-Бәйтерек" монументіне дейін бес шақырымнан астам қашықтықты жүгіріп өтті.
© Photo : Минобороны РКҚазақстан Қарулы күштерінің 30 жылдығына арналған жаппай жүгіріс
Қазақстан Қарулы күштерінің 30 жылдығына арналған жаппай жүгіріс
© Photo : Минобороны РК
Ұлттық әскери патриоттық орталығы мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің шығармашылық ұжымдары жарысқа қатысушыларға, елорда тұрғындары мен қонақтарына арнап концерт берді.