Ақтөбеде ақыл-есі кем балаларды ұрып-соққан: бас прокурор тапсырма берді

© Photo : Jeniffer Wai Ting TanБала, архивтегі фото
Бала, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2022
Жазылу
Бас прокурор барлық мекемені тексеруді тапсырып, тергеу барысын бақылауға алды
НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір – Sputnik. Бас прокурор Берік Асылов Ақтөбедегі әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалардың жәбірленгені туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
"Ерекше балаларға зорлық-зомбылық көрсету адамгершілікке жатпайды. Ақтөбедегі әлеуметтік қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің балаларды жәбірлеу фактісі бойынша барынша қатаң шаралар қолданылады. Қылмыстық кодекстің 110-бабының 2-бөлігі (Жәбірлеу) бойынша тергеу басталды. Тергеу барысы бақылауға алынды", - деп жазды бас прокурор әлеуметтік желіде.
Ол осыған ұқсас мекемелерді тексеруді тапсырғанын атап өтті.
Еске сала кетейік, ақыл-есі кем балаларға арналған орталық қызметкері тәрбиеленушілерді аяусыз соққыға жықты деген күдікке ілінді. Мекемеде ақыл-ой кемтарлығы бар, церебральды сал ауруына, Даун синдромына және олигофрения ауруына шалдыққан балалар тұрады.
Прокурорлар камераның жазбаларын қарап, қызметкердің балаларды бірнеше рет ұрып-соққанын анықтады.
Жаңалықтар
0