Өңірлер

Су жоқ: Шымкент егінсіз қалуы мүмкін

© Photo : Рixabay / Jody Davis Засуха
Засуха - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2022
Жазылу
Шенеуніктер ауа райы қолайсыз болғандықтан, құрылыс жұмыстары кеш басталғанын жеткізді
НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Шымкентте Сайрам тұрғын алабының шаруалары суармалы судың жоқтығынан егінсіз қалуы мүмкін. Бұл олардың өздеріне ғана емес, қала тұрғындарына да қиын. Өйткені олар өзге жақтан әкелінетін көкөніс пен жеміс үшін артық төлеуге мәжбүр болатын, деп жазады "Отырар" порталы.
Шаруалар қазірдің өзінде тұқым сатып алуға және егістіктерді өңдеуге миллиондаған теңге жұмсады. Бірақ бұл ақша зая кетуі мүмкін. Себебі суару арнасын уақытылы тапсырылмай жатыр. Оны қаңтар айында жөндеу керек болатын.
"Біз тынымсыз еңбектеніп жатырмыз. Судың берілуіне әлі де қол жеткізе алмай отырмыз. Тендер өтіп, ескі науалар алынып тасталды. Құрылыс алаңында екі жұмысшы бар. Арнаны жөндеу қашан аяқталады? Бізге қазір суармалы су қажет. Кейін ештеңе өспейді, біз егінсіз қаламыз. Отбасымызды қалай асыраймыз?",- дейді Шатурсун Шамансуров.
Шаруалардың айтуынша, Шымкентте екі мың гектар егістік жер бар. Олар ауылшаруашылық өнімдерімен толық қамтамасыз ете алады.
"Өзбекстаннан әкелудің қажеті жоқ. Егер бізге жағдай жасалса, су болса, жеткілікті болар еді. Біз бұл мәселені бес жыл бойы көтеріп келеміз. Мен тіпті премьер-министрдің қабылдауында болдым. Бірақ мәселе әлі шешілген жоқ. Бұл үшін кім жауап береді?"- дейді шаруа қожалығының төрағасы Мұталхан Сапарбаев.
Шенеуніктер ауа райы қолайсыз болғандықтан, құрылыс жұмыстары кеш басталғанын жеткізді.
"Биыл жосықсыз мердігер ұйымға наурыз айында 5,5 миллион теңге айыппұл салдық. Шаруа қожалықтарының мамандары және өкілдерімен біз сол жерде болдық. Мамыр айында біз су береміз. Канал құрылысы жалғасады", - дейді Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Кенжебаев.
Күн ысыды, егер жақын арада су берілмесе, өсімдіктер қурай бастайды.
Жаңалықтар
0