https://sputnik.kz/20220429/shymkent-politsiyasynyn-baspasoz-khatshysy-24542625.html
Шымкент полициясының баспасөз хатшысы өзіне қол салмақ болды: тергеу жүріп жатыр
Шымкент полициясының баспасөз хатшысы өзіне қол салмақ болды: тергеу жүріп жатыр
Sputnik Қазақстан
Жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент полициясының баспасөз хатшысының жағдайына қатысты тергеу жүргізеді 29.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-29T12:49+0500
2022-04-29T12:49+0500
2023-08-10T16:58+0500
өңірлер
шымкент
полиция
баспасөз
тергеу
https://sputnik.kz/img/496/72/4967234_0:0:3262:1836_1920x0_80_0_0_da8e2ce8f6e6dbc2a1bc656d54fce241.jpg
АЛМАТЫ, 29 сәуір – Sputnik. Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мөлдір Бекееваның суицид жасамақ болуына байланысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды. Айта кетері, 6 сәуірде Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз хатшысы суицид жасамақ болды. Ол бұл әрекетке барардың алдында әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, департамент басшылығының әрекетін әшкереледі.Бастапқыда әлеуметтік желіде Мөлдір Бекееваның даусы делінген аудио жарияланды. Ол жерде әйелдің қарамағындағы қызметкерге дауыс көтергені, жұмысты тыңғылықты орындамайтыны үшін жұмыстан босатылатыны айтылған. Содан кейін Мөлдір Бекеева 29 наурызда тараған, өз аты-жөні көрсетілген материалдың шындыққа жанаспайтынын айтты. Суицид жасар алдында жариялаған жазбасында өзіне қысым жасалып, қылмыстық іс қозғалғанын жазды. "Мен сындым... Сабырым таусылды... Бүгін Шымкент қаласы полиция департаментіндегі қызметімнен кеттім. Жай кеткен жоқпын, үстімнен қылмыстық іс ашылған соң кеттім! Соңғы 2 айдың ішінде қу биліктің құлқыны мен қызметтен қуу үшін маған қандай қысым көрсетілмеді?! Бірақ жаңа келген басшылық қызмет орным үшін соншалықты қастандыққа, қиянатқа барады деп ойламадым...", - деп жазды Мөлдір Бекеева. Ол жұмыстан өз еркімен емес, мәжбүрлі түрде кеткенін айтты. Оның айтуынша, Шымкент қаласының полиция департаментінің бастығы қызметіне 2022 жылдың 4 ақпанында тағайындалған Қайрат Дәлбековпен бірге бір апта ішінде Түркістан облысының полиция департаментінен ондаған адам ауысып келген. Оның 7-уі басшылық қызметке тағайындалған. Бекеева бұған дейін Түркістан облысында баспасөз хатшысы қызметін атқарған Салтанат Қаракөзованың заңсыз әрекеттерге барғанын да жазған. "Қарагөзова ханым (Шымкент полиция департаментіне) келген соң менің қызметтік көлікті өткізіп, кабинетімді шұғыл босатуымды да талап етті. Заң жүзінде департаменттің ресми өкілі мен екенімді біле тұра, қызмет орнымнан кетпей жатып, өзін әлеуметтік желіде ресми өкіл деп жариялады. Қысым мұнымен шектелген жоқ, олар мені қылмыстық жазаға тарту үшін прокуратураның рұқсатынсыз жариялауға болмайтын ақпараттарды таратты", - деп жазды Мөлдір Бекеева. Расымен де 24 ақпанда Салтанат Қарагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында Түркістандағы қызметінен босатылып, Шымкентке қызмет етуге қайта барғанын жазды.
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/496/72/4967234_147:0:3240:2320_1920x0_80_0_0_168ed75dcaa792ae699ec9cafc9b967c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент полиция мөлдір мольдир молдир бекеева салтанат қарагөзова каракозова
шымкент полиция мөлдір мольдир молдир бекеева салтанат қарагөзова каракозова
Шымкент полициясының баспасөз хатшысы өзіне қол салмақ болды: тергеу жүріп жатыр
12:49 29.04.2022 (жаңартылды: 16:58 10.08.2023) Жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент полициясының баспасөз хатшысының жағдайына қатысты тергеу жүргізеді
АЛМАТЫ, 29 сәуір – Sputnik. Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мөлдір Бекееваның суицид жасамақ болуына байланысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
"Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мөлдір Бекееваның өзін-өзі өлтіруге оқталу фактісі бойынша (Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі) сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр", - делінген ақпаратта.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Айта кетері, 6 сәуірде Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз хатшысы суицид жасамақ болды. Ол бұл әрекетке барардың алдында әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, департамент басшылығының әрекетін әшкереледі.
Бастапқыда әлеуметтік желіде Мөлдір Бекееваның даусы делінген аудио жарияланды. Ол жерде әйелдің қарамағындағы қызметкерге дауыс көтергені, жұмысты тыңғылықты орындамайтыны үшін жұмыстан босатылатыны айтылған.
Содан кейін Мөлдір Бекеева 29 наурызда тараған, өз аты-жөні көрсетілген материалдың шындыққа жанаспайтынын айтты. Суицид жасар алдында жариялаған жазбасында өзіне қысым жасалып, қылмыстық іс қозғалғанын жазды.
"Мен сындым... Сабырым таусылды... Бүгін Шымкент қаласы полиция департаментіндегі қызметімнен кеттім. Жай кеткен жоқпын, үстімнен қылмыстық іс ашылған соң кеттім! Соңғы 2 айдың ішінде қу биліктің құлқыны мен қызметтен қуу үшін маған қандай қысым көрсетілмеді?! Бірақ жаңа келген басшылық қызмет орным үшін соншалықты қастандыққа, қиянатқа барады деп ойламадым...", - деп жазды Мөлдір Бекеева.
Ол жұмыстан өз еркімен емес, мәжбүрлі түрде кеткенін айтты. Оның айтуынша, Шымкент қаласының полиция департаментінің бастығы қызметіне 2022 жылдың 4 ақпанында тағайындалған Қайрат Дәлбековпен бірге бір апта ішінде Түркістан облысының полиция департаментінен ондаған адам ауысып келген.
Оның 7-уі басшылық қызметке тағайындалған. Бекеева бұған дейін Түркістан облысында баспасөз хатшысы қызметін атқарған Салтанат Қаракөзованың заңсыз әрекеттерге барғанын да жазған.
"Қарагөзова ханым (Шымкент полиция департаментіне) келген соң менің қызметтік көлікті өткізіп, кабинетімді шұғыл босатуымды да талап етті. Заң жүзінде департаменттің ресми өкілі мен екенімді біле тұра, қызмет орнымнан кетпей жатып, өзін әлеуметтік желіде ресми өкіл деп жариялады. Қысым мұнымен шектелген жоқ, олар мені қылмыстық жазаға тарту үшін прокуратураның рұқсатынсыз жариялауға болмайтын ақпараттарды таратты", - деп жазды Мөлдір Бекеева.
Расымен де 24 ақпанда Салтанат Қарагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында Түркістандағы қызметінен босатылып, Шымкентке қызмет етуге қайта барғанын жазды.