https://sputnik.kz/20220429/qazaqstan-zher-uy-ort-4-adam-24551189.html
Қазақстанның солтүстігінде жер үй өртеніп, 4 адам көз жұмды
Қазақстанның солтүстігінде жер үй өртеніп, 4 адам көз жұмды
Sputnik Қазақстан
Жер үйден бір әйел мен үш ер адамның мәйіті табылды 29.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-29T15:08+0500
2022-04-29T15:08+0500
2022-04-29T15:08+0500
оқиға
өрт
https://sputnik.kz/img/07e6/04/1d/24551071_0:451:2731:1987_1920x0_80_0_0_7a5f6deba629b12a07dc65910a611fe0.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының Май ауылында жер үйден шыққан өрт төрт адамның өмірін қиды.ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратынша, қайғылы оқиға 29 сәуір сағат түнгі 03:28-де Ақжар ауданы Май ауылында болды. Өрт сөндірушілерге жер үйдің өртеніп жатқаны туралы хабар түскен.Ауылға ең жақын өрт сөндіру бөлімі 53 шақырым жерде орналасқан. Көршілердің айтуынша, өрт кезінде үйде адамдар болған."Өрт сөндіру бөлімшесі келген сәтте үй ашық жалынмен жанып жатқан. Олар келгенге дейін жергілікті тұрғындар 1963 жылғы әйелдің денесін тауып, сыртқа шығарған. Өртті сөндіру кезінде үш ер адамның мәйіті табылды: 1958 жылғы үй иесі мен оның 1975 және 1967 жылғы қонақтары", - делінген хабарламада.Сондай-ақ өрт сөндірушілер үйден бір газ баллонын алып шықты.Тілсіз жау таңғы бесте ауыздықталып, қырық минуттан кейін толығымен сөндірілді.Жер үй түгі қалмай жанып кетті. Қазір өрттің себебі мен материалдық шығын көлемі анықталып жатыр. Көршілердің айтуынша, қаза болғандар ішімдікке әуес болған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/1d/24551071_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_a72041b8b82a7bad044bc74098588d34.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өрт
Қазақстанның солтүстігінде жер үй өртеніп, 4 адам көз жұмды
Жер үйден бір әйел мен үш ер адамның мәйіті табылды
НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының Май ауылында жер үйден шыққан өрт төрт адамның өмірін қиды.
ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратынша, қайғылы оқиға 29 сәуір сағат түнгі 03:28-де Ақжар ауданы Май ауылында болды. Өрт сөндірушілерге жер үйдің өртеніп жатқаны туралы хабар түскен.
Ауылға ең жақын өрт сөндіру бөлімі 53 шақырым жерде орналасқан. Көршілердің айтуынша, өрт кезінде үйде адамдар болған.
"Өрт сөндіру бөлімшесі келген сәтте үй ашық жалынмен жанып жатқан. Олар келгенге дейін жергілікті тұрғындар 1963 жылғы әйелдің денесін тауып, сыртқа шығарған. Өртті сөндіру кезінде үш ер адамның мәйіті табылды: 1958 жылғы үй иесі мен оның 1975 және 1967 жылғы қонақтары", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ өрт сөндірушілер үйден бір газ баллонын алып шықты.
Тілсіз жау таңғы бесте ауыздықталып, қырық минуттан кейін толығымен сөндірілді.
Жер үй түгі қалмай жанып кетті. Қазір өрттің себебі мен материалдық шығын көлемі анықталып жатыр. Көршілердің айтуынша, қаза болғандар ішімдікке әуес болған.