https://sputnik.kz/20220429/qazaqstan-qyrgyzstan-tauar-aynalymy-24555657.html
Қазақстан Қырғызстанмен тауар айналымын екі есе арттыруды жоспарлап отыр
Қазақстан Қырғызстанмен тауар айналымын екі есе арттыруды жоспарлап отыр
Sputnik Қазақстан
Қазіргі таңда бұл көрсеткіш 1 миллиард долларға жеткен 29.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-29T18:00+0500
2022-04-29T18:00+0500
2022-04-29T18:00+0500
қазақстан
қырғызстан
https://sputnik.kz/img/1091/20/10912027_0:167:1601:1067_1920x0_80_0_0_6f2c3af6d33d70e6a5a4a9dbacdde81a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір — Sputnik. Бішкекте Қазақстан-Қырғыз үкіметаралық кеңесінің 10-отырысы өтті.Қазақстан премьер-министр Әлихан Смайылов Қырғызстан Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі ғана емес, сонымен қатар дәстүрлі достық қарым-қатынастар байланыстыратын бауырлас мемлекет екенін атап өтті.Қазақстан үкіметінің басшысы екі ел арасындағы тауар айналымын арттыру мәселесіне ерекше тоқталды, ол қазірдің өзінде 1 миллиард долларға жетіп отыр.Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін тауар номенклатурасын кеңейтіп, индустриялық сауда-логистикалық кешендерді құру жөніндегі жұмысты жандандырып, көлеңкелі тауар айналымына қарсы күрес шараларын күшейту қажет.Ал Қырғызстан министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров екі халық арасындағы тарих пен мәдениеттің ортақтығына, өзара түсіністік пен сенімге негізделген достық және бауырластық байланыстар ортақ мақсат – халықтарымыздың гүлденуі мен әл-ауқатын арттыруға көмектесетініне сенім білдірді.Кездесу соңында тараптар келіссөздердің жемісті болғанын атап өтіп, тату көршілік және стратегиялық серіктестік рухында мемлекетаралық белсенді іс-қимылды жалғастыруға дайын екендерін білдірді.Келіссөздер қорытындысы бойынша үкіметаралық кеңестің 10-отырысының хаттамасына, сондай-ақ "GFC Bishkek" ЖШҚ құру туралы келісімге қол қойылды.Келісім АХҚО Жасыл қаржы орталығының және қырғызстандық серіктестер – "Айыл Банк" ААҚ, "Қырғыз қор биржасы" ЖАҚ және "Қырғызстан банктерінің одағы" ЗТБ қатысуымен бірлескен компания құруды көздейді. Бірлескен компанияны құру "Астана" халықаралық қаржы орталығын Қырғызстанда және Орталық Азия өңірінде ілгерілетуге бағытталған.
қазақстан
қырғызстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1091/20/10912027_0:0:1423:1067_1920x0_80_0_0_2ad2df1f437f14f347a313a58c990284.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, қырғызстан
Қазақстан Қырғызстанмен тауар айналымын екі есе арттыруды жоспарлап отыр
Қазіргі таңда бұл көрсеткіш 1 миллиард долларға жеткен
НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір — Sputnik. Бішкекте Қазақстан-Қырғыз үкіметаралық кеңесінің 10-отырысы өтті.
Қазақстан премьер-министр Әлихан Смайылов Қырғызстан Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі ғана емес, сонымен қатар дәстүрлі достық қарым-қатынастар байланыстыратын бауырлас мемлекет екенін атап өтті.
Қазақстан үкіметінің басшысы екі ел арасындағы тауар айналымын арттыру мәселесіне ерекше тоқталды, ол қазірдің өзінде 1 миллиард долларға жетіп отыр.
"Әлбетте, біз мұнымен шектеліп қалмаймыз, екі елдің әлеуеті бұдан да жоғары деп есептеймін. Біздің алдымызда тұрған ендігі міндет – өзара сауда деңгейін $2 млрд-қа дейін жеткізу", – деді Әлихан Смайылов.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін тауар номенклатурасын кеңейтіп, индустриялық сауда-логистикалық кешендерді құру жөніндегі жұмысты жандандырып, көлеңкелі тауар айналымына қарсы күрес шараларын күшейту қажет.
Ал Қырғызстан министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров екі халық арасындағы тарих пен мәдениеттің ортақтығына, өзара түсіністік пен сенімге негізделген достық және бауырластық байланыстар ортақ мақсат – халықтарымыздың гүлденуі мен әл-ауқатын арттыруға көмектесетініне сенім білдірді.
Кездесу соңында тараптар келіссөздердің жемісті болғанын атап өтіп, тату көршілік және стратегиялық серіктестік рухында мемлекетаралық белсенді іс-қимылды жалғастыруға дайын екендерін білдірді.
Келіссөздер қорытындысы бойынша үкіметаралық кеңестің 10-отырысының хаттамасына, сондай-ақ "GFC Bishkek" ЖШҚ құру туралы келісімге қол қойылды.
Келісім АХҚО Жасыл қаржы орталығының және қырғызстандық серіктестер – "Айыл Банк" ААҚ, "Қырғыз қор биржасы" ЖАҚ және "Қырғызстан банктерінің одағы" ЗТБ қатысуымен бірлескен компания құруды көздейді. Бірлескен компанияны құру "Астана" халықаралық қаржы орталығын Қырғызстанда және Орталық Азия өңірінде ілгерілетуге бағытталған.