https://sputnik.kz/20220429/qazaq-galymdar-zhemis-agashtary-innovatsiya-24555184.html
Қазақ ғалымдары ағаштарды сақтауға арналған инновациялық зерттемені таныстырды
Қазақ ғалымдары ағаштарды сақтауға арналған инновациялық зерттемені таныстырды
Sputnik Қазақстан
Отандық диагностика жүйесі шетелдік аналогтарға қарағанда әлдеқайда арзан 29.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-29T18:43+0500
2022-04-29T18:43+0500
2023-08-09T12:17+0500
ағаш
білім және ғылым министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e6/04/1d/24553242_0:160:3075:1890_1920x0_80_0_0_2745ed8002c5b819a5798c76eab45846.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір — Sputnik. Қазақстан ғалымдары ағашқа залал келтіретін қауіпті бактерияны диагностикалаудың жаңа жүйесін ойлап тапты, деп хабарлады Қазақстанның білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.Бұл – ағаштардың ДНҚ-сында Erwinia amylovora бактериясын жоғары дәлдікпен анықтайтын тест-жүйелер. Осы ретте отандық жүйе шетелдік аналогтардан бірнеше есе арзан және қазақстандық бағбандар үшін қолжетімді екенін атап өту керек.Erwinia amylovora – жеміс ағаштарында бактериялық күйік тудыратын ерекше қауіпті патоген. Бактерия әсіресе алма мен алмұрт ағаштары үшін аса қауіпті және бар болғаны 2 маусымның ішінде бақшаның жаппай қурауына әкелуі мүмкін.Бүгінгі күні бактериялық күйіктің асқынған түрін тиімді емдеу жолы жоқ. Сондықтан ерте диагностикалау арқылы ғана оның алдын алуға болады. Ендігі кезекте әзірленген LAMP диагностикалық жүйесі жеміс ағаштарын сақтап қалуға көмектеседі."Біз әзірлеген LAMP негізіндегі бактерияны анықтаудың жаңа жүйесі қазіргі кезде қолданылатын классикалық ПТР-тестпен салыстырғанда 100-1000 есе сезімтал. Сезімталдығынан бөлек, ПТР әдістен оның тағы бір айырмашылығы – LAMP технологиясы қолдануға ыңғайлы, дала жағдайларына оңай бейімделеді, сонымен қатар қымбат реагенттер мен жабдықтарды қажет етпейді. Салыстырар болсақ, бактериялық күйікті анықтауға арналған біздің тест-жүйеміздің бір сынамасының құны 6 000 теңге болса, ағылшын зертханасында 31 000 теңге, швейцариялық зертханада 57 000 теңге тұрады", - дейді Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының биологы Нұрбол Ғалиақпаров.Арзан тест-жүйелердің көмегімен әр бағбан ерте диагностикаға қол жеткізе алады. Ғалымның айтуынша, егер үй бақшаларына күтім жасамаса, онда бактериялар жабайы алма ағаштарын да зақымдайды. Ал Қазақстан жабайы алма ағаштарының арасында дүниежүзілік мұра – Сиверс алма ағашы өседі және оны сақтау керек, деді биолог.Қазіргі М.А.Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының ғалымдары жабайы алма ағаштарындағы Erwinia amylovora бактериясын анықтау бойынша жұмыс жүргізіп, жаңа тест-жүйелерді пайдалануды қоса алғанда, бактериялық күйіктің таралуын болдырмау бойынша тәжірибелік ұсыныстар әзірлеп жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/1d/24553242_172:0:2903:2048_1920x0_80_0_0_77c63023311422a5d53c2ba201ac27b4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ағаш, білім және ғылым министрлігі
ағаш, білім және ғылым министрлігі
Қазақ ғалымдары ағаштарды сақтауға арналған инновациялық зерттемені таныстырды
18:43 29.04.2022 (жаңартылды: 12:17 09.08.2023) Отандық диагностика жүйесі шетелдік аналогтарға қарағанда әлдеқайда арзан
НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір — Sputnik. Қазақстан ғалымдары ағашқа залал келтіретін қауіпті бактерияны диагностикалаудың жаңа жүйесін ойлап тапты, деп хабарлады Қазақстанның білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұл – ағаштардың ДНҚ-сында Erwinia amylovora бактериясын жоғары дәлдікпен анықтайтын тест-жүйелер. Осы ретте отандық жүйе шетелдік аналогтардан бірнеше есе арзан және қазақстандық бағбандар үшін қолжетімді екенін атап өту керек.
Erwinia amylovora – жеміс ағаштарында бактериялық күйік тудыратын ерекше қауіпті патоген. Бактерия әсіресе алма мен алмұрт ағаштары үшін аса қауіпті және бар болғаны 2 маусымның ішінде бақшаның жаппай қурауына әкелуі мүмкін.
Бүгінгі күні бактериялық күйіктің асқынған түрін тиімді емдеу жолы жоқ. Сондықтан ерте диагностикалау арқылы ғана оның алдын алуға болады. Ендігі кезекте әзірленген LAMP диагностикалық жүйесі жеміс ағаштарын сақтап қалуға көмектеседі.
"Біз әзірлеген LAMP негізіндегі бактерияны анықтаудың жаңа жүйесі қазіргі кезде қолданылатын классикалық ПТР-тестпен салыстырғанда 100-1000 есе сезімтал. Сезімталдығынан бөлек, ПТР әдістен оның тағы бір айырмашылығы – LAMP технологиясы қолдануға ыңғайлы, дала жағдайларына оңай бейімделеді, сонымен қатар қымбат реагенттер мен жабдықтарды қажет етпейді. Салыстырар болсақ, бактериялық күйікті анықтауға арналған біздің тест-жүйеміздің бір сынамасының құны 6 000 теңге болса, ағылшын зертханасында 31 000 теңге, швейцариялық зертханада 57 000 теңге тұрады", - дейді Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының биологы Нұрбол Ғалиақпаров.
Арзан тест-жүйелердің көмегімен әр бағбан ерте диагностикаға қол жеткізе алады. Ғалымның айтуынша, егер үй бақшаларына күтім жасамаса, онда бактериялар жабайы алма ағаштарын да зақымдайды. Ал Қазақстан жабайы алма ағаштарының арасында дүниежүзілік мұра – Сиверс алма ағашы өседі және оны сақтау керек, деді биолог.
Қазіргі М.А.Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының ғалымдары жабайы алма ағаштарындағы Erwinia amylovora бактериясын анықтау бойынша жұмыс жүргізіп, жаңа тест-жүйелерді пайдалануды қоса алғанда, бактериялық күйіктің таралуын болдырмау бойынша тәжірибелік ұсыныстар әзірлеп жатыр.