Өңірлер

Қарағанды облысында кеншілерді жұмыстан кетуге мәжбүрледі

© Photo : http://kazminerals.infoШахта
Шахта - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2022
Жазылу
Әкімдікте қарағандылық кеншілер еңбек инспекциясына жүгінбегенін айтады
НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Қарағанды облысының Теректі кентіндегі 150 жұмысшы "Алтай Полиметалл" кәсіпорнынан кетуге мәжбүр болдық деп шағымданды. Олар тиісті өтемақы алмаған, бұған қоса қызметтік баспанасынан айырылған, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Қарқаралы ауданының әкімдігі хабарлағандай, бұл кәсіпорында 1000-ға жуық қызметкер еңбек етеді. Биыл кеншілердің жалақысын да көтерген. Шенеуніктер адамдар неге наразы екенін түсіндірмеді.
Әкімдікте қарағандылық кеншілер еңбек инспекциясына жүгінбегенін айтады, деп хабарлады бас мемлекеттік еңбек инспекторы.
Төлеген Оспанқұлов жағдай Қарағанды облысы әкімі жанындағы үшжақты комиссияда талданатынын атап өтті.
"Мәселені шешу үшін жұмыс берушіге 30 сәуірге дейін уақыт берілді. Сол күні бұл мәселе Қарағанды облысы жанындағы штаб отырысында қаралады. Егер олар осы уақытқа дейін өз құқығының бұзылғаны туралы арыз жазса, онда біз мемлекеттік еңбек инспекция ретінде тексерісті бастаймыз", - дейді Қазақстанның Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов.
Шахтер - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2021
Өңірлер
Абай шахтасындағы апат: аман қалған кеншілер зейнет жасын шегеруді сұрады
Жаңалықтар
0