https://sputnik.kz/20220429/pavlodarlyq-kartop-amerikalyq-fudtreyder-24534676.html
Павлодарлық картоп америкалық фудтрейдердің қызығушылығын тудырды
Павлодарлық картоп америкалық фудтрейдердің қызығушылығын тудырды
Sputnik Қазақстан
Компания оны өңдеуге және әлемнің бірқатар еліне экспорттауға мүдделі 29.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-29T09:01+0500
2022-04-29T09:01+0500
2023-08-10T16:52+0500
өңірлер
павлодар
картоп
америка
https://sputnik.kz/img/07e6/04/1c/24510881_0:133:1280:853_1920x0_80_0_0_ed8d72ce6904f56382538c4861c7c981.jpg
ПАВЛОДАР, 29 сәуір – Sputnik. АҚШ-тағы ең ірі жеке фудтрейдер павлодарлық картопты алыс шетел нарығына шығаруға ниетті, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.Бұл туралы әкім Әбілқайыр Сқақовтың Champion Foods компаниясының вице-президенті Джонатан Бурингпен кездесуі барысында белгілі болды. Өңір басшысы инвесторға еліміздегі картоптың үштен бірі Павлодар облысында өсірілетінін айтты."Павлодарлық картоп тек Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де танымал бренд. Жыл сайын біздің облыс 600 мың тоннаға жуық азық-түлік картобын өндіреді. Бұл біздің тұрғындардың қажеттілігінен жеті есе артық. Біз картопты сапалы сақтау үшін барлық жағдайды жасаймыз. Барлық картоп қоймаларының қуаты 400 мың тоннадан асады", - деді әкім.Облыста төрт тұқым шаруашылығы жұмыс істейді.Америкалық компания жайлы ақпаратKazakh Invest ұлттық компаниясының АҚШ-тағы өкілі Ғалымжан Матаев Champion Foods компаниясы Луизиана, Техас қалаларында, АҚШ-тың порт қалаларында, сондай-ақ Қытайда, Үндістанда және Парсы шығанағы елдерінде өнімдердің алдыңғы қатарлы жеткізушісі болып табылатынын хабарлады.Джонатан Бурингтің айтуынша, павлодарлық картоптың климаттық жағдайы мен сапалық параметрлері Американың кейбір штатымен ұқсас."Осыған байланысты біз Павлодар өнімдерінің шет елдерге саудасы мен маркетингін жолға қоюға дайынбыз", - деді ол.Өңір басшысы инвесторды жергілікті билік ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу және экспорт желісін кеңейту бойынша бірлескен жобаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екеніне сендірді.
павлодар
америка
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/1c/24510881_105:0:1242:853_1920x0_80_0_0_6995675a33f984c091330e2c988ca8e6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар, картоп, америка
павлодар, картоп, америка
Павлодарлық картоп америкалық фудтрейдердің қызығушылығын тудырды
09:01 29.04.2022 (жаңартылды: 16:52 10.08.2023) Компания оны өңдеуге және әлемнің бірқатар еліне экспорттауға мүдделі
ПАВЛОДАР, 29 сәуір – Sputnik. АҚШ-тағы ең ірі жеке фудтрейдер павлодарлық картопты алыс шетел нарығына шығаруға ниетті, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Бұл туралы әкім Әбілқайыр Сқақовтың Champion Foods компаниясының вице-президенті Джонатан Бурингпен кездесуі барысында белгілі болды. Өңір басшысы инвесторға еліміздегі картоптың үштен бірі Павлодар облысында өсірілетінін айтты.
"Павлодарлық картоп тек Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де танымал бренд. Жыл сайын біздің облыс 600 мың тоннаға жуық азық-түлік картобын өндіреді. Бұл біздің тұрғындардың қажеттілігінен жеті есе артық. Біз картопты сапалы сақтау үшін барлық жағдайды жасаймыз. Барлық картоп қоймаларының қуаты 400 мың тоннадан асады", - деді әкім.
Облыста төрт тұқым шаруашылығы жұмыс істейді.
Америкалық компания жайлы ақпарат
Kazakh Invest ұлттық компаниясының АҚШ-тағы өкілі Ғалымжан Матаев Champion Foods компаниясы Луизиана, Техас қалаларында, АҚШ-тың порт қалаларында, сондай-ақ Қытайда, Үндістанда және Парсы шығанағы елдерінде өнімдердің алдыңғы қатарлы жеткізушісі болып табылатынын хабарлады.
"Қазіргі уақытта компанияның тапсырыс қоржыны 2 миллиард доллардан асады. Олар Қазақстаннан ауыл шаруашылығы өнімдері мен картопты қайта өңдеуді және жүйелі экспорттауды ұйымдастыруға дайын", - деді Матаев.
Джонатан Бурингтің айтуынша, павлодарлық картоптың климаттық жағдайы мен сапалық параметрлері Американың кейбір штатымен ұқсас.
"Осыған байланысты біз Павлодар өнімдерінің шет елдерге саудасы мен маркетингін жолға қоюға дайынбыз", - деді ол.
Өңір басшысы инвесторды жергілікті билік ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу және экспорт желісін кеңейту бойынша бірлескен жобаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екеніне сендірді.