Білім

Министр оқу жылын аяқтау туралы бұйрыққа қол қойды

© Sputnik / Абзал КалиевОқушылар
Оқушылар - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2022
Жазылу
26 мамырда жазғы мектеп өз жұмысын бастайды
НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір — Sputnik. Қазақстандық мектептер мен колледждердегі оқу жылы әдеттегідей – 2022 жылдың 25 мамырда аяқталады. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов тиісті бұйрыққа қол қойды.
26 мамырдан 17 маусымға дейін жазғы мектеп ұйымдастырылады. Ал қорытынды емтихандар алдын ала бекітілген кесте бойынша өтеді.
Демалыс 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады, деп жазады министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 29 сәуірде негізгі ҰБТ-ға өтінімдер қабылдау басталды. Ол 2022 жылдың 14 мамырына дейін жалғасады.
ҰБТ өтетін орын - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2022
Білім
Негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды
Жаңалықтар
0