Елорда тынысы

Бүгін Нұр-Сұлтанда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

© Sputnik / Владислав ВодневТерроризмге қарсы оқу-жаттығу
Терроризмге қарсы оқу-жаттығу  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2022
Жазылу
Оқу-жаттығу түрлі күрделі элементтерді қамти отырып, ұрыс жағдайына барынша жақындатылған
НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір - Sputnik. Елордада ұрыс жағдайына барынша жақындатылып, лаңкестік актілерге қарсы оқу-жаттығу өтеді. Бұл туралы астаналық Терроризмге қарсы шұғыл штабы хабарлады.
Оқу-жаттығу 29 сәуір сағат 08.00-14.00 аралығында "Қазақстан темір жолы" техникалық жолаушылар паркінің аумағында (Шу көшесінің аяқталған тұсы, Әл-Фараби – Қошқарбаев көшелерінің қиылысы) өтеді.
Іс-шара мақсаты шұғыл штаб күштері мен құралдарының террористік әрекеттерге дереу жауап қайтару бойынша дайындығын тексеру. Оқу-жаттығу түрлі күрделі элементтерді қамти отырып, ұрыс жағдайына барынша жақындатылған. Техникалық жолаушылар паркінің маңайында шектеу шаралары қарастырылған.
"Азаматтардан өткізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және жұмылдырылған мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз", - делінген терроризмге қарсы шұғыл штаб хабарламасында.
Решетка - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2020
Қоғам
Терроризм үшін сотталғандарды түрмеде қалай ұстайды?
Жаңалықтар
0