Синоптиктер 30 сәуірде ауа райы қандай болатынын болжады

© Sputnik / Айгерим ТаубайАлматының көктемі
Алматының көктемі - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. "Қазгидромет" синоптиктері 30 сәуірге ауа райы болжамын жариялады.
"Республика аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, дауыл тұрады. Тек республиканың шығысында күн ашық болады", - деп хабарлады мемлекеттік метеорологиялық қызмет.

Дабылды ескерту

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Қарағанды ​​облысының оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 25 м/с болады.
Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігі мен батысында шаңды дауыл тұрады. Облыстың солтүстігінде, батысында және таулы аймақтарда шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20, түнде 25 м/с-қа жетеді.
Алматы облысында оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.
Ақтөбе облысының солтүстік-батысында күндіз найзағай ойнайды.

Ірі қалалардағы ауа райы

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, күндіз 25-27 градус жылы, түнде 3-5 градус нөлден жоғары.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, күндіз 25-27, түнде 12-14 градус жылы.
Шымкентте де көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, күндіз 27-29 градус ыстық, түнде 11-13 градус жылы.
Жаңалықтар
0