Қоғам

Қазақстанда этносаралық жанжалға себеп жоқ – корейлер қауымдастығы

© Sputnik / Тимур БатыршинКорей театры
Корей театры - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2022
Жазылу
Елордада Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясы өтіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Қазақстан корейлер қауымдастығының басшысы Сергей Огай елде этносаралық жанжал шығаруға еш себеп жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Біз этносаралық қарым-қатынас саласы қаншалықты сезімтал және шекарасы бұлыңғыр екенін түсінеміз. Ол шекараны кесіп өту оңай. Бірақ Қазақстанда этносаралық жанжалдарға себеп жоқ. Тұрмыстық жанжалдар ғана бар. Кейбір арандатушылар оларды өз арам пиғылына пайдаланады. Мұндай жағдайда айтарым: біздің, Ассамблеяның енді үнсіз қалуы орынсыз. Біз мұны түзетуіміз керек", - деді Сергей Огай Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында.
Оның айтуынша, жаңа Қазақстанды құру үшін әр адам өзінен бастауы керек. Ассамблея алдында, бірінші кезекте, этносаралық келісімді нығайту міндеті тұр. Бұл ретте бірінші орынға жалпыұлттық құндылықтар шығады.
"Біз ассамблеяға сын айтылып жататын білеміз. Кейде ол әділ, енді бірде біз онымен келісеміз. Бірақ, мынаны атап өткім келеді, біз бұл жұмыстарды халыққа ұнау үшін, пиар үшін жасамаймыз. Қазақстан халқы ассамблеясы беріктілік сынағынан сүрінбей өтті деп сеніммен айта аламын. Ең қиын кезеңде осы бірлестіктердің лидерлері мен медиаторлары халықпен жұмыс істейді, сындарлы диалог жүргізіп, жанжалдарға жол бермеуге тырысады", - деді ол.
Айта кетері, елордада Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясы өтіп жатыр. Шараға бес жүзден аса адам қатысуда.
Жаңалықтар
0