Қоғам

Жеңілдетілген ипотеканың жаңа бағдарламасы іске қосылады - кімге беріледі

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуЖаңа баспана
Жаңа баспана - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2022
Жазылу
Бағдарлама табысы орташа тұрғындарға арналған
НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір — Sputnik. "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" жеңілдетілген ипотеканың жаңа бағдарламасын әзірлеп жатыр.
Қазір сарапшылар бағдарламаның шарттары мен кредит беру тетіктерін қарастыруда. Содан кейін ғана жоба бекітуге жіберіледі. Мемлекет қазірдің өзінде жаңа бағдарламаны субсидиялауға дайын.

"Қазір нарықтағы ипотека 18-19%-пен беріледі. Орташа класс үшін қолайлы мөлшерлеме 11-12% ", – деді "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" төрағасының орынбасары Олжас Салықов КТК телеарнасының редакциясына.

Болашақ бағдарламаға 8 банк қызығушылық танытты. Ал мемлекет оны қаржыландыруға 1 триллион теңгеден астам қаражат бөлуге әзір.
"Қазақстан тұрғын үй компаниясында" болашақ қарыз алушы табысы шамамен 500 мың теңге болатын және ай сайынғы төлемнің 200 мың теңгесін төлеу мүмкіндігі бар қазақстандық екенін айтып отыр.
Жаңалықтар
0