https://sputnik.kz/20220428/zhaldamaly-pater-subsidiya-oskenbaev-24509448.html
Жалдамалы пәтер ақысын субсидиялау процесін бақылауда ұстаймын – Өскенбаев
Жалдамалы пәтер ақысын субсидиялау процесін бақылауда ұстаймын – Өскенбаев
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жалдамалы пәтер ақысының 50%-ін мемлекет есебінен төлеуге... 28.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-28T09:02+0500
2022-04-28T09:02+0500
2022-04-28T09:02+0500
жалдамалы баспана
https://sputnik.kz/img/665/23/6652377_0:191:2961:1857_1920x0_80_0_0_5a0ada4fc461e0a0e6e93f2e994c58e5.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жалдамалы пәтер ақысының 50%-ін мемлекет есебінен төлеуге мұқтаж азаматтардан өтінім қабылдау процесін тұрақты бақылауда ұстайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Оның айтуынша, өтініш берушілердің барлық талапқа сәйкестігі басқа ведомстволардың деректер базасымен интеграциялау арқылы тексеріледі.Еске сала кетейік, 18 сәуір күні жалдамалы пәтер ақысын субсидиялауға өтінімдер қабылдау басталды. Бағдарлама отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табысы айына бір ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын отбасыларға жалдамалы пәтер ақысының 50%-і төлеуді көздейді. Бағдарламаның операторы — "Отбасы банкі".Еңбек министрлігінің ақпаратына сәйкес, бүгінгі таңда елімізде 590 мыңға жуық кезекте тұрған азамат бар, олардың 210 мыңы әлеуметтік осал топтарға жатады. Олардың ішінде, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен 70 мыңға жуық қазақстандық бар.Бағдарлама аясында көпбалалы отбасылар, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар мемлекет тарапынан қолдауға ие болады.Халыққа ыңғайлы болу үшін өтінім қабылдау бойынша цифрлық платформа іске қосылды. Осылайша барлық процесс otbasybank.kz порталында онлайн жүзеге асырылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/665/23/6652377_115:0:2846:2048_1920x0_80_0_0_79a1fee26e24ca1a2cb3ddc98c62f2a5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жалдамалы баспана
Жалдамалы пәтер ақысын субсидиялау процесін бақылауда ұстаймын – Өскенбаев
НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жалдамалы пәтер ақысының 50%-ін мемлекет есебінен төлеуге мұқтаж азаматтардан өтінім қабылдау процесін тұрақты бақылауда ұстайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Оның айтуынша, өтініш берушілердің барлық талапқа сәйкестігі басқа ведомстволардың деректер базасымен интеграциялау арқылы тексеріледі.
"Төлемдерді субсидиялауға өтінімдер қабылдау процесін тұрақты бақылауымда ұстайтынымды ерекше атап өткім келеді. Сондай-ақ күнделікті "Отбасы банкіне" келіп түсіп жатқан өтінімдер бойынша қаншасы мақұлданып, қанша өтінім кері қайтарылғандығы жөнінде сандарды саралап, мониторинг жасап отырамын", - деп хабарлады Қайырбек Өскенбаев министрліктің
telegram-арнасында.
Еске сала кетейік, 18 сәуір күні жалдамалы пәтер ақысын субсидиялауға өтінімдер қабылдау басталды. Бағдарлама отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табысы айына бір ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын отбасыларға жалдамалы пәтер ақысының 50%-і төлеуді көздейді. Бағдарламаның операторы — "Отбасы банкі".
Еңбек министрлігінің ақпаратына сәйкес, бүгінгі таңда елімізде 590 мыңға жуық кезекте тұрған азамат бар, олардың 210 мыңы әлеуметтік осал топтарға жатады. Олардың ішінде, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен 70 мыңға жуық қазақстандық бар.
Бағдарлама аясында көпбалалы отбасылар, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар мемлекет тарапынан қолдауға ие болады.
Халыққа ыңғайлы болу үшін өтінім қабылдау бойынша цифрлық платформа іске қосылды. Осылайша барлық процесс
otbasybank.kz порталында онлайн жүзеге асырылады.