https://sputnik.kz/20220428/tort-millionga-zhuyq-qazaqstandyq-24513589.html
Төрт миллионға жуық қазақстандықтың жалақысы артады
Төрт миллионға жуық қазақстандықтың жалақысы артады
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қазақстандықтарға "Халықтың табысын арттыру" бағдарламасын таныстырды, деп... 28.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-28T11:07+0500
2022-04-28T11:07+0500
2022-04-28T11:11+0500
қоғам
жалақы
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948639_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_ac3f4cd6b1f88229ae8dc3923baf23fa.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қазақстандықтарға "Халықтың табысын арттыру" бағдарламасын таныстырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Вице-премьер бұл халықтық бағдарлама екенін атап өтті. Оның айтуынша, келесі аптада "Самұрық-Қазына" қорында квазимемлекеттік секторға қатысты жиын өтеді. Кездесу барысында жалақыны көтеру мәселелері талқыланады. "Сондай-ақ 2,8 миллион қызметкердің жалақысын бизнес пен мемлекет арасындағы қарым-қатынасқа тікелей қатысы бар жобалар арқылы көбейтеміз. Әсіресе, мемлекеттің тікелей қолдауын алатын бизнес саласына 2,8 миллион азаматтың жалақысын көтеруге қарсы талап қойылады", - деді премьер-министрдің орынбасары. Тоғжанов бағдарлама аясында экономиканың түрлі саласында 2025 жылға дейін 2 миллионнан астам жұмыс орны ашылатынын айтты. Атап айтқанда, өндіріс саласында – 950 мың, инфрақұрылым саласында – 583 мың, ауыл шаруашылығында – 458 мың, туристік салада – 59 мың жұмыс орны құрылады. Мұның бәрі табысқа тікелей әсер ететін жобалар, деді үкімет басшысының орынбасары.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948639_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_37422d866cf338ff32b64abd33f68c14.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жалақы зарплата қазақстандықтар
жалақы зарплата қазақстандықтар
Төрт миллионға жуық қазақстандықтың жалақысы артады
11:07 28.04.2022 (жаңартылды: 11:11 28.04.2022) НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қазақстандықтарға "Халықтың табысын арттыру" бағдарламасын таныстырды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Вице-премьер бұл халықтық бағдарлама екенін атап өтті.
"Біріншіден, бағдарлама 1 миллионнан аса бюджет саласы қызметкерінің, сонымен қатар квазимемлекеттік сектордың өндірістік персоналының жалақысын арттыруға бағытталған. Оның ішінде 850 мың бюджет, 200 мың өндірістік саладағы азаматтар бар", - деді Тоғжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, келесі аптада "Самұрық-Қазына" қорында квазимемлекеттік секторға қатысты жиын өтеді. Кездесу барысында жалақыны көтеру мәселелері талқыланады.
"Сондай-ақ 2,8 миллион қызметкердің жалақысын бизнес пен мемлекет арасындағы қарым-қатынасқа тікелей қатысы бар жобалар арқылы көбейтеміз. Әсіресе, мемлекеттің тікелей қолдауын алатын бизнес саласына 2,8 миллион азаматтың жалақысын көтеруге қарсы талап қойылады", - деді премьер-министрдің орынбасары.
Тоғжанов бағдарлама аясында экономиканың түрлі саласында 2025 жылға дейін 2 миллионнан астам жұмыс орны ашылатынын айтты. Атап айтқанда, өндіріс саласында – 950 мың, инфрақұрылым саласында – 583 мың, ауыл шаруашылығында – 458 мың, туристік салада – 59 мың жұмыс орны құрылады. Мұның бәрі табысқа тікелей әсер ететін жобалар, деді үкімет басшысының орынбасары.