Қоғам

Талдықорғанда оқушыны ұрған мұғалім өз еркімен жұмыстан шықты

CC0 / Arieth / архив
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2022
Жазылу
Мұғалім бұл мектепте 2 жылдан бері жұмыс істеген
АЛМАТЫ, 28 сәуір – Sputnik. Әлеуметтік желіде мектеп мұғалімі мен оқушы бір-бірін ұрып, бейәдеп сөздер айтқан видео тарады. Оқиға Талдықорған қаласындағы 6 мектепте болған. Сол оқиғадан кейін мектеп мұғалімі жұмыстан өз еркімен кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Оқиға 11 сәуірде болған. Сабаққа оқушы боянып келген. Сол сыныптың сынып жетекшісі – ағылшын тілі пәні мұғалімі ескерту жасаған. Оқушы оған бейәдеп сөзбен сөз қайтарған. Содан кейін видеодағы жағдай болған. Мектепте әдеп кеңесінің отырысы өткізіліп, оқуышының анасы шақырылды. Сол жерде екі тарап татуласты. Мұғалім өз еркімен жұмыстан босатуды сұрады", - деді Талдықорған қаласы білім басқармасының сектор меңгерушісі Жасұлан Қанағатов.
Айтуынша, мұғалім бұл мектепте 2 жылдан бері жұмыс істеген. Оқиға болған күннің ертеңі – 12 сәуірде жұмыстан шыққан.
Сондай-ақ мұғалімнің қазір Алматы қаласында ем алып жатқаны белгілі. Денсаулығы бұл жағдай болмай тұрып сыр берген.
"Мұғалімнің жағдайына келер болсақ, ол кісіге ауыр диагноз қойылған. Ол қазір Алматы қаласында ем қабылдап жатыр. Оның алдында да мектеп әкімшілігі жағдайын біліп тұрған екен. Бұл оқиға денсаулығына әсер етпегенін қалаймыз. Алайда тиісті шараның бәрі қабылданды", - деді Жасұлан Қанағатов.
Жаңалықтар
0