Шымкент тұрғыны күйеуін педофил деп айыптады

© Photo : СС0 / congerdesignДевочка завязывает шнурки на ботинках
Девочка завязывает шнурки на ботинках - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Шымкентте 39 жастағы тұрғынды өз әйелі педофил деп айыптады. Келіншектің айтуынша, ол сегіз жасар туған қызына азғындық жасаған.
Сұмдық жайтты қызы анасына айтып беріпті. Полицейлер отағасын бірден ұстағанымен, көп ұзамай босатып жіберген, деп хабарлады КТК арнасы.
Істің тоқтатылуына тергеуші мен прокурордың күйеуіне туыс болып келуі себеп деп күдіктенеді ашынған әйел. Қайтадан қамалуын талап етіп отыр. Алайда тәртіп сақшылары жасөспірімге сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық көрсету бабымен іс қозғалып, сараптама тағайындалғанын айтты.
Аты-жөнін атамауды өтінген әйелдің айтуынша, күйеуінің азғын екенін ақпанда білген. Көрші келіншектермен серуендеуге шықпақ болғанда қызы үйде әкесімен қалдырмауын өтініп шырылдапты. Себебін сұрағанда, сұмдық жайтты айтқан. Үш ұл мен бір қыз тәрбиелеп отырған әке жылға жуық уақыт өз қызына "білгенін істеп келіпті" дейді келіншек.
"Мен үйде жоқ кезде үлкен баламды ойнауға жібереді екен. Ал кішкентайлар мультфильм көріп отырған", - дейді жәбірленуші.
Мұны естіген әйел дереу полицияға емес, ата-енесін шақырған. Бірақ күніге есірткі шегетін оны туыстары "өзіміз емдеп аламыз" деп арашалапты. Кейін ұрып-соға бастаған соң, полицияға арыз түсірдім дейді.
"Тергеуші мен прокурор бір ауылдан, кейін білдім, бәрі бір ауылдан екен. Рулас. Істің бәрін жылы жауып отыр. Берген айғақтардың бәрін жоққа шығарды. Сол кезде ары кетсе 10 жыл отырамын, бәрібір шығып сені, қызымды өлтіремін деді", - дейді жәбірленуші.
Аса ауыр айыппен 10 жыл отырмақ түгілі, он күннен кейін еркіндікке шыққанына заңгерлер де аң-таң. Адвокат Нұркен Қалмырзаев бұл істе куәгердің бар екенін айтады. Бірақ тергеуші бұған мән бермепті.
"Негізі куә болған бір жасөспірім бала бар. Бәрін тергеушіге айтып берген. Бірақ тергеуші оны өзінің жауап хаттамасында көрсетпеген. Прокурор өз қаулысында сот сараптамасы дайын болмауына байланысты босатылады деп жазған. Ал негізі мұндай жағдайда мерзімі созылуы керек еді", - деп түсіндірді адвокат Нұркен Қалмырзаев.
Ал полицейлер іске енді кірісіп жатыр. Тергеушіні ауыстырып, куәгерлерден жауап алуды бастапты. Сараптамалар да толық тағайындалғанын жеткізді. Бірақ күдікті әлі қамалмаған.
"Арызданушы күйеуі қызына сексуалды сипатта зорлық-зомбылық әрекет жасағанын көрсеткен. Бұл арыз бірден Еңбекші АПБ-ның бірыңғай тіркеп-тексеру тізіміне тіркелді. ҚР ҚК 121-бабы 4-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Бірнеше сараптама тағайындалды", - деп хабарлады Шымкент қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.
Заң бойынша күдікті енді отбасына жақындамауы, һәм телефон шалмауы керек. Әйтпесе бірден қамалады. Бірақ күйеуім "күнде анаша шегеді" деген әйел одан өлердей қорқады. Такси қызметінде істейтін күйеуім алып кетуі мүмкін деп, қызын да мектепке жіберуді қойыпты.
Жаңалықтар
0