https://sputnik.kz/20220428/qyzylorda-qalasy-zhana-akim-24523945.html
Қызылорда қаласына жаңа әкімі тағайындалды
Қызылорда қаласына жаңа әкімі тағайындалды
Sputnik Қазақстан
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев актив отырысында жаңа қала әкімін таныстырды 28.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-28T14:46+0500
2022-04-28T14:46+0500
2022-04-28T14:46+0500
өңірлер
қызылорда
әкім
https://sputnik.kz/img/1226/28/12262812_58:0:2943:1623_1920x0_80_0_0_899234e15f705d1b0bd67fba51c9ef7d.jpg
АЛМАТЫ, 28 сәуір – Sputnik. Қызылорда қаласының жаңа әкімі тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев актив отырысында жаңа қала әкімін таныстырды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Қала әкімі қызметін атқарған Ғанибек Қазантаевтың өз өтінішіне сәйкес Қызылорда қаласының әкімі лауазымынан босатылған. Нұрлыбек Нәлібаев әріптесіне қаланың әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени дамуына сүбелі үлес қосқаны үшін алғыс білдірді және Қызылорда облысының "Құрмет" грамотасын табыстады. Облыс әкімінің өкімімен Президент әкімшілігі және Қызылорда қалалық мәслихаттың келісімі бойынша Қызылорда қаласының әкімі лауазымына Асылбек Шәменов тағайындалды. Облыс әкімі Асылбек Шәменовке Қызылорда қаласының қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығына жауапты болып, халықтың әл-ауқатын көтеру мақсатында экономиканың барлық саласы дамытуды тапсырды.
қызылорда
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1226/28/12262812_418:0:2582:1623_1920x0_80_0_0_ff8570d5fc26676158a94059d9ecb264.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қызылорда, әкім
Қызылорда қаласына жаңа әкімі тағайындалды
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев актив отырысында жаңа қала әкімін таныстырды
АЛМАТЫ, 28 сәуір – Sputnik. Қызылорда қаласының жаңа әкімі тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев актив отырысында жаңа қала әкімін таныстырды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Қала әкімі қызметін атқарған Ғанибек Қазантаевтың өз өтінішіне сәйкес Қызылорда қаласының әкімі лауазымынан босатылған.
Нұрлыбек Нәлібаев әріптесіне қаланың әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени дамуына сүбелі үлес қосқаны үшін алғыс білдірді және Қызылорда облысының "Құрмет" грамотасын табыстады.
Облыс әкімінің өкімімен Президент әкімшілігі және Қызылорда қалалық мәслихаттың келісімі бойынша Қызылорда қаласының әкімі лауазымына Асылбек Шәменов тағайындалды.
"Асылбек Өмірбекұлы бұған дейін де бірқатар жауапты қызметтерді атқарған. Қаланың тыныс-тіршілігімен етене таныс. Әсіресе Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары ретінде қаланың қайнаған қазанында шыңдалған тәжірибелі және іскер басшы. Бүгінгі күнге дейін Жалағаш ауданының әкімі қызметінде жүріп, ауданның экономикалық жағдайын жақсарту мен әлеуметтік әлеуетін арттыру жолында ауқымды жобаларды жүзеге асырып, жергілікті халықтың қолдауына ие болған. Ендігі кезекте, осы жинаған тәжірибесі мен білімін, іскерлік қабілетін облыс орталығы Қызылорда қаласын дамытуға арнап, сүбелі үлесін қосады деп сенеміз", - деді Нұрлыбек Нәлібаев.
Облыс әкімі Асылбек Шәменовке Қызылорда қаласының қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығына жауапты болып, халықтың әл-ауқатын көтеру мақсатында экономиканың барлық саласы дамытуды тапсырды.