Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары ауысты

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) төрағасының жаңа орынбасарларын тағайындады.
Майя Бекбаева мен Зәкіржан Кузиев ҚХА басшысының орынбасары қызметінен босатылды.
Олардың орнына мәжіліс депутаты Наталья Дементьева мен "Қазақстан татарлары мен башқұрттарының конгресі" РҚБ басқарма төрағасы Тауфик Каримов тағайындалды.
Жаңалықтар
0