Қоғам

Жыл басынан бері кәсіпорындарда 47 адам көз жұмды

© AFP 2022 / JUAN BARRETOЖұмысшы
Жұмысшы - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2022
Жазылу
НовостиTelegram
Өндірісте жарақат алудың жоғары деңгейі өнеркәсіптік өңірлерде – Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында сақталып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Биыл үш айда Қазақстанның кәсіпорындарында 313 адам жарақат алып, оның 47-сі қаза болды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ербол Нұрғалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Былтыр еліміздің кәсіпорындарында 1467 жұмысшы зардап шекті. Бірақ, өкінішке қарай, 200 адам қаза тапты. Тек осы жылдың үш айында кәсіпорындарда 313 адам зардап шекті, оның 47-сі көз жұмды", - деді Нұрғалиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Еңбек министрлігі өндірісте жарақат алуға талдау жүргізген. Комитет төрағасының айтуынша, жарақаттанушылықтың негізгі себептері – 36%-і – абайсызда жарақат алу; 24%-і – еңбек пен жұмысты тиісті деңгейде ұйымдастырмау.
"Сондай-ақ жазатайым оқиғалардың көбі жол апаты салдарынан, яғни жұмысшыларды жұмысқа жеткізу кезінде болады", - деді Нұрғалиев.
Өндірісте жарақат алудың жоғары деңгейі өнеркәсіптік өңірлерде – Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында сақталып отыр.
Нұрғалиевтің айтуынша, соңғы 5 жылда өндірісте зардап шеккендер саны 12,5%-ке, қаза тапқандар 16%-ке азайған.
"Статистикаға сәйкес, өткен жылы тексерілген 1 млн 600 мың жұмысшының 375 мыңы, яғни 23 проценті зиянды және қауіпте еңбек жағдайында жұмыс істеп жүр. Еңбек заңнамасына сәйкес, зиянды әрі қауіпті жұмыстарды істейтін адамдарға кепілдік пен өтемақы береді. Мысалы, 2021 жылы еліміз бойынша 681 мың қызметкер зиянды еңбек жағдайында жұмыс істегені үшін 167 миллиард теңгеден астам өтемақы алды. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 19 процентке артық", - деді комитет басшысы.
Сондай-ақ ол былтыр мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша 3 547 заңбұзушылық фактісін анықтағанын мәлімдеді.
Заңбұзушылықтың негізгі бөлігі – қауіпсіз еңбек жағдайымен қамтамасыз етпеу, жеке және ұжымдық қорғау құралдарымен, арнайы киіммен, арнайы аяқкиіммен қамтамасыз етпеу, еңбек қауіпсіздігі және жұмысшыларды оқытпау. Тексеріс қорытындысы бойынша кәсіпорындарға 3,5 мыңға жуық ұйғарым беріліп, 325 миллион теңге айыппұл салынған.
Жаңалықтар
0