https://sputnik.kz/20220428/qaragandylyq-ayel-internet-sertifikat-mugalimder-24524068.html
Қарағандылық әйел интернетте сертификат сатып, мұғалімдерді алдап келген
Қарағандылық әйел интернетте сертификат сатып, мұғалімдерді алдап келген
Sputnik Қазақстан
Алаяқтың құрбаны болғандардың басым бөлігі – мұғалімдер 28.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-28T14:51+0500
2022-04-28T14:51+0500
2023-08-09T09:38+0500
қоғам
жалған сертификат
мұғалім
https://sputnik.kz/img/07e5/08/0a/17821686_0:7:2913:1646_1920x0_80_0_0_824ccc13eefe1a8022977612fde5b8b9.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Қарағандылық әйел интернетте қазақстандықтарға 30-50 мың теңгеге жалған оқыту сертификаттарын сатып келген. Қазір шығын көлемі анықталып жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.Сәуірдің басынан бері Қарағанды қаласы ПБ Октябрь полиция бөліміне белгісіз біреудің алаяқтық әрекетінен жапа шеккен адамдардан арыз-шағым түсе бастаған. Жәбірленушілердің дені – әртүрлі өңірде тұратын мұғалімдер.Мәселен, 20 сәуірде полицияға 46 және 37 жастағы қарағандылық әйелдер шағымданды. Анықталғандай, олар педагогикалық қызметпен айналысады."Жәбірленушілер интернет-қосымшалардың бірінен біліктілікті арттыру орталығының хабарландыруын көрген. Онлайн оқытудан кейін сертификат береді екен. Шарттары да қолайлы болған. Сөйтіп олар әлгі орталыққа 30-35 мың теңге аударған. Артынша ешқандай құжат алмаған әйелдер алданып қалғанын түсініп, полицияға арызданды", - дейді полицейлер.Араға бір апта салып полицияға екі елордалық әйелден шағым түсті. Олар сертификат алу үшін орталыққа 30-50 мың теңге төлеген. Бірақ біліктілікті арттыру курсынан сол күйі өтпеген.Жедел іздестіру шаралары барысында Қарағанды қаласының 27 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті әйел кінәсін мойындады. Сотқа дейінгі тергеу кезінде оның осыған ұқсас 23 фактіге қатысы бары анықталды.Қазір келтірілген шығын сомасы есептеліп жатыр. Қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу басталды.
https://sputnik.kz/20211123/Petropavl-studentter-alayaq-18727548.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/08/0a/17821686_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_3e449a65247ba2aeb6974f28aebf61ad.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жалған сертификат, мұғалім
жалған сертификат, мұғалім
Қарағандылық әйел интернетте сертификат сатып, мұғалімдерді алдап келген
14:51 28.04.2022 (жаңартылды: 09:38 09.08.2023) Алаяқтың құрбаны болғандардың басым бөлігі – мұғалімдер
НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Қарағандылық әйел интернетте қазақстандықтарға 30-50 мың теңгеге жалған оқыту сертификаттарын сатып келген. Қазір шығын көлемі анықталып жатыр, деп хабарлайды
Polisia.kz. Сәуірдің басынан бері Қарағанды қаласы ПБ Октябрь полиция бөліміне белгісіз біреудің алаяқтық әрекетінен жапа шеккен адамдардан арыз-шағым түсе бастаған. Жәбірленушілердің дені – әртүрлі өңірде тұратын мұғалімдер.
Мәселен, 20 сәуірде полицияға 46 және 37 жастағы қарағандылық әйелдер шағымданды. Анықталғандай, олар педагогикалық қызметпен айналысады.
"Жәбірленушілер интернет-қосымшалардың бірінен біліктілікті арттыру орталығының хабарландыруын көрген. Онлайн оқытудан кейін сертификат береді екен. Шарттары да қолайлы болған. Сөйтіп олар әлгі орталыққа 30-35 мың теңге аударған. Артынша ешқандай құжат алмаған әйелдер алданып қалғанын түсініп, полицияға арызданды", - дейді полицейлер.
Араға бір апта салып полицияға екі елордалық әйелден шағым түсті. Олар сертификат алу үшін орталыққа 30-50 мың теңге төлеген. Бірақ біліктілікті арттыру курсынан сол күйі өтпеген.
Жедел іздестіру шаралары барысында Қарағанды қаласының 27 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті әйел кінәсін мойындады. Сотқа дейінгі тергеу кезінде оның осыған ұқсас 23 фактіге қатысы бары анықталды.
Қазір келтірілген шығын сомасы есептеліп жатыр. Қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу басталды.