Оқиға

Нұр-Сұлтанда тұрғын үйдің 6-қабатына кран құлады – видео

© Photo : СС0 / Capri23autoКран
Кран - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2022
Жазылу
Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің мамандары тексеріс жүргізіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтанда құрылыс краны жақын маңдағы тұрғын үйге құлады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Төтенше жағдай бүгін, 28 сәуір Korkem Tower тұрғын үй кешенінде болды. Құрылыс алаңында жұмыс істеп жатқан кран 6-қабаттағы пәтердің терезесіне құлаған.
Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратынша, сағат 14:26-да жедел құтқару жасағы Сығанақ көшесі, 2А мекенжайына аттанды.
"Оқиға орнына келген кезде 6-қабаттағы пәтердің терезесіне автокранның ілгегі құлағаны анықталды", - деп мәлімдеді ТЖД-дағылар.
Алдын ала ақпарат бойынша зардап шеккендер жоқ.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтандағы департаменті оқиға орнына инспекторын жіберді. Олар төтенше жағдайдың мән-жайын анықтап, кран құлаған орынды қарап, куәгерлерден жауап алады.
Жаңалықтар
0