Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда тұрғын үйге кран құлады: мердігер жауапқа тартылады

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өту кран
 кран - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2022
Жазылу
Арнайы құрылған жұмыс тобы қаланың құрылыс объектілеріндегі 121 мұнаралы кранды тексерді
НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Елордада тұрғын үйлердің біріне краны құлаған мердігер компания жауапкершілікке тартылады, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Әкімдіктің хабарлауынша, қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының еңбек инспекциясы автокранды тексеріп, жүк көтеру механизмін іске асыруда өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелері бұзылғанын анықтады.
Тексеру қорытындысына сәйкес мердігерге шара қолданылады.
"Оқиға болған жерге қалалық қызметтер: өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті, "Есіл" ауданы әкімі аппараты, "Нұр-Сұлтан қаласы Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" мамандары барды", - делінген хабарламасында.
Арнайы құрылған жұмыс тобы қаланың құрылыс объектілеріндегі 121 мұнаралы кранды тексерді.
"Тексеру қорытындысы бойынша 81 кранның жұмыс ережесін бұзу фактілері анықталды. Мұнаралы крандардың техникалық құжаттамасының болмауы ереже бұзуға негізгі себеп болып отыр", - деп хабарлады әкімдік.
Ресми мәліметке сәйкес,мұнаралы крандардың жұмысы кемшіліктер қалпына келгенше тоқтатылды.
Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтанда құрылыс краны жақын маңдағы тұрғын үйге құлады.
Төтенше жағдай бүгін, 28 сәуір Korkem Tower тұрғын үй кешенінде болды. Құрылыс алаңында жұмыс істеп жатқан кран 6-қабаттағы пәтердің терезесіне құлаған.
Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратынша, сағат 14:26-да жедел құтқару жасағы Сығанақ көшесі, 2А мекенжайына аттанды.
"Оқиға орнына келген кезде 6-қабаттағы пәтердің терезесіне автокранның ілгегі құлағаны анықталды", - деп мәлімдеді ТЖД-дағылар.
Алдын ала ақпарат бойынша зардап шеккендер жоқ.
Жаңалықтар
0