Әлем

Каспий құбыр желісі консорциумы 5,2 млрд рубль айыппұл төлеуі мүмкін

© AP Photo / Yorgos KarahalisМұнайдың төгілуі
Мұнайдың төгілуі  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2022
Жазылу
Росприроднадзор былтырғы оқиға үшін Каспий консорциумына қарсы талап-арыз берді
НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Краснодар өңірінің арбитраж соты Новороссийск түбінде мұнай төккені үшін Росприроднадзордың Қара теңіз-Азов басқармасының Каспий құбыр желісі консорциумына (КТК) қарсы берген талап-арызын қанағаттандырды. Росприроднадзордың талап-арыз сомасы 5,285 млрд рубльді (70 млн доллардан астам) құрайды.
Оқиға Новороссийск түбінде 2021 жылы 7 тамызда КТК-ға тиесілі шығыңқы айлақ құрылғысынан Minerva Symphony грек танкеріне мұнай тиеу кезінде болды. Сол кезде шығыңқы айлақ құрылғысының гидрокомпенсаторы істен шығып, салдарынан суға мұнай төгілген.
Консорциумның өзі шығын сомасымен келіспей отыр.
"КТК пен Росприроднадзор арасында бұл мәселеге қатысты айтарлықтай келіспеушіліктер бар. Біз су нысанына апат салдарынан 69,1 тонна мұнай түскеніне толық сенімдіміз. Росприроднадзордың мұнай көлемін анықтауға қолданған әдістері бірқатар себепке байланысты дұрыс нәтиже алуға мүмкіндік бермейді деп санаймыз", - делінген КТК мәлімдемесінде.
Мысалы, Росприроднадзор "КТК-Р" АҚ теңіз терминалының технологиялық және конструктивтік ерекшеліктерін ескермей отыр, дейді КТК.
КТК қоршаған ортаға шын мәнінде мұнай аз түсті деп есептейді. Өйткені бір бөлігі ұзындығы 5 шақырым теңіз суасты құбыр желісінде, тағы бір бөлігі шығыңқы айлақ құрылғысының технологиялық стақанында қалған.
КТК өз позициясынан айнымай, сотта өзінің дұрыстығын дәлелдеуді жоспарлап отыр.
Құбыр желісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2022
Экономика
Каспий құбыр желісінің теңіз терминалында тағы бір қондырғы іске қосылды
Жаңалықтар
0