Қоғам

Ірі кәсіпорындар өз жұмысшыларының еңбек құқығын бұзғаны анықталды

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуЖұмысшылар, құрылысшы
Жұмысшылар, құрылысшы - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2022
Жазылу
Бас прокуратура жүргізген тексеруден кейін 600-ден астам жұмысшыға өтемақы төлеп, 30 мың жұмысшының жалақысын көтерді
НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Қазақстанда ірі кәсіпорындарда жұмысшылардың еңбек құқығының бұзылуы анықталды. Азаматтардың еңбек құқығын бұзғандардың қатарында "Қазмырыш", "Қазхром", "Қазфосфат", "Аралтұз", "Қазақмыс" және "Өзенмұнайгаз" компаниялары бар, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
Прокурорлар барлығы 49 ірі кәсіпорындағы жұмысшылардың еңбек жағдайына тексеру жүргізген. Тексеру барысында көп жұмысшыға зиянды еңбек жағдайы үшін өтемақы төленбейтіні белгілі болды.
"Қорғаныс құралдары және азық-түлікпен қамтамасыз етпеудің 2 мыңнан астам фактісі анықталды. Жұмыс берушілер оқыту, міндетті нұсқау жүргізу, сақтандыру және медициналық тексеруден өткізу бойынша шаралар қабылдамады (5 мыңнан астам қызметкер). Өрт сөндіру, өндірістік және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік саласында 6,5 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды. Бұл өрт дабылдары мен желдеткіштердегі ақаулар, қауіпсіздік қарастырылмаған электр қалқандары, гидранттар мен өрт сөндіру құралдарының болмауына қатысты", - деді Бас прокуратураның Қоғамдық мүддені қорғау қызметінің басшысы Сапарбек Нұрпейісов.
Ол "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС-нің шахталарын мысал ретінде атап көрсетті: мұнда жұмыстар үңгір төбесін басқару бекіткіштері жоқ жағдайда жүргізіліп жатыр.

"Кез келген сәтте шахтер тау жынысының астында қалуы мүмкін. Қайғылы оқиғалардың 60%-і осы заңбұзушылықтарға байланысты", - деді Сапарбек Нұрпейісов.

Бас прокуратура жүргізген тексеру кезінде қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін 1500-ден астам технологиялық жабдықты пайдалану фактілері анықталды. Тағы 50 дана жабдық жұмысын толығымен тоқтатуға жатады (2,5 мыңнан астам жұмысшы осы жабдықта жұмыс істеген).
"Жекелеген жұмыс берушілердің өндірісте жарақат алу және өлімді жасыратын заңсыз әрекеттері еңбекті қорғау саласындағы жағдайды қиындатып отыр. Тексеру барысында осындай 40-тан астам жағдай анықталды", - деп қосты қызмет басшысы.
Қалыптасқан бұл жағдай бірқатар факторға байланысты туындап отыр:
құқықтық реттеудің жеткіліксіз тиімділігі;
мемлекеттік бақылаудың дұрыс жүргізілмеуі.
Құзырлы органдар анықтаған құқықбұзушылықтар оңынан шешім таппағанын прокурорлық тексеру нәтижелері дәлелдеп тұр. Жалпы, тексеру қорытындысы бойынша 69 қадағалау актісі енгізіліп, 226 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Прокурорлар толтырған актілер бойынша 30 мың жұмысшының жалақысы өсіп, 600-ден астам жұмысшыға өтемақы төленді. Қорғаныс құралдары және арнайы тамақпен кезең-кезеңімен қамтамасыз ету басталды. Сондай-ақ 22 техниканың жұмысы тоқтатылды. Бұл мәселе ҚР Бас прокурорының ерекше бақылауында тұр.
Жаңалықтар
0