https://sputnik.kz/20220428/darigerler-qorgau-qosymsha-sharalar-24523824.html
Дәрігерлерді қорғаудың қосымша шаралары қолға алынады
Дәрігерлерді қорғаудың қосымша шаралары қолға алынады
Sputnik Қазақстан
Қазіргі кезде дәрігерлердің мәртебесін көтеру және олардың қызметін кәсіби сақтандыру бойынша заң жобасын әзірленіп жатыр 28.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-28T14:43+0500
2022-04-28T14:43+0500
2023-08-10T12:26+0500
денсаулық
дәрігер
https://sputnik.kz/img/07e5/06/12/17382587_0:102:1961:1205_1920x0_80_0_0_868f3e161246a4eaa935abf386356e8d.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният дәрігерлерді қорғаудың қосымша шаралары туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Айта кетері, осы айдың басында Алматы қаласында танымал гастроэнтеролог Юрий Шумковты өз пациенті атып өлтірді. Бұдан бөлек, әлеуметтік желіде дәрігерлерді соққыға жығу оқиғалары туралы ақпараттар жиі жарияланады. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, құқық қорғау органдарына дәрігерлерге шабуыл жасағаны үшін жазаны күшейтуге ұсыныс жасалған. Бірақ осы бастама қолдау таппады. Алайда министрлік арнайы заң жобасын әзірледі. Соның аясында дәрігердің қателігі салдарынан пациентке зиян келсе, сақтандыру төлемдері беріледі. Осылайша, дәрігер де, пациент те барынша қорғалады. "Қазіргі кезде дәрігерлердің мәртебесін көтеру және олардың қызметін кәсіби сақтандыру бойынша заң жобасын әзірленіп жатыр. Бұл – өте маңызды құжат. Заң жобасында дәрігерлерді қолдауға арналған көптеген шаралар қарастырылған. Мысалы, дәрігер тарапынан медициналық көмек дұрыс көрсетілмесе, я болмаса, біреудің денсаулығына қатер төндірген жағдайда бірден соттамайды, сақтандыру компаниялары мен медиация арқылы көмек беріледі", - деп атап көрсетті Ғиният.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/12/17382587_109:0:1852:1307_1920x0_80_0_0_a9bf070cb33c96d8c670413cdb6f4e49.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дәрігер
Дәрігерлерді қорғаудың қосымша шаралары қолға алынады
14:43 28.04.2022 (жаңартылды: 12:26 10.08.2023) Қазіргі кезде дәрігерлердің мәртебесін көтеру және олардың қызметін кәсіби сақтандыру бойынша заң жобасын әзірленіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният дәрігерлерді қорғаудың қосымша шаралары туралы айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айта кетері, осы айдың басында Алматы қаласында танымал гастроэнтеролог Юрий Шумковты өз пациенті атып өлтірді.
Бұдан бөлек, әлеуметтік желіде дәрігерлерді соққыға жығу оқиғалары туралы ақпараттар жиі жарияланады.
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, құқық қорғау органдарына дәрігерлерге шабуыл жасағаны үшін жазаны күшейтуге ұсыныс жасалған. Бірақ осы бастама қолдау таппады.
"Біз тиісті құзіретті органдармен кеңестер өткіздік. Бірақ олар дәрігерлерге қол көтеру мәселесі бойынша арнайы бап немесе норма қабылдау керек емес деді. Өйткені әрбір азаматқа қол көтеру бабы бар. Сол үшін тиісті жаза қарастырылған. Ал дәрігерге қол көтерді, мұғалімге қол көтерді деп, баптарды қоса берсек, онда қалай болады, бәріміз бір елдің азаматымыз ғой дейді. Барлығы бірдей және қазіргі заңда бәріне ортақ жаза бар", - деді Ғиният сенаттағы отырыстан кейінгі брифингте.
Алайда министрлік арнайы заң жобасын әзірледі. Соның аясында дәрігердің қателігі салдарынан пациентке зиян келсе, сақтандыру төлемдері беріледі. Осылайша, дәрігер де, пациент те барынша қорғалады.
"Қазіргі кезде дәрігерлердің мәртебесін көтеру және олардың қызметін кәсіби сақтандыру бойынша заң жобасын әзірленіп жатыр. Бұл – өте маңызды құжат. Заң жобасында дәрігерлерді қолдауға арналған көптеген шаралар қарастырылған. Мысалы, дәрігер тарапынан медициналық көмек дұрыс көрсетілмесе, я болмаса, біреудің денсаулығына қатер төндірген жағдайда бірден соттамайды, сақтандыру компаниялары мен медиация арқылы көмек беріледі", - деп атап көрсетті Ғиният.