Шетелдіктердің Қазақстандағы зертханалар туралы мәлімдемелері орынсыз – Күрішбаев

© Photo : Минобороны КазахстанаЗертхана, архивтегі фото
Зертхана, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2022
Жазылу
Шетелдік саясаткерлердің Қазақстандағы зертханалар шет мемлекеттердің бақылауымен әскери-биологиялық қызметпен айналысуы мүмкін деген мәлімдемелері орынсыз және ешбір негізі жоқ, деді Күрішбаев
НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір – Sputnik. Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев Қазақстандағы биологиялық зертханаларды қаржыландыру мәселесін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сенатордың айтуынша, бүгінде шетелдік саясаткерлер тарапынан Қазақстандағы биологиялық зертханаларға қатысты сан алуан пікірлер айтылып жүр.
"Сан сұрақтарға байланысты біздің қауіпсіздік деңгейі BSL-3-ке жататын биологиялық зертханалардың жұмысына түсініктеме беріп кетейін деп едім. Біріншіден, олар II-III топтағы аса қауіпті микроағзаларға қарсы диагностикалық және профилактикалық препараттарды әзірлеумен айналысады, яғни, ол жерде өлім-жітім жоғары болатын I топтаға аса қауіпті вирустар зерттелмейді. Екіншіден, зертханалардың барлығы Қазақстанның иелегіне жатады және толығымен республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Негізгі мақсаты – өзіміздің өзекті проблемаларымзды шешу. Олар шетелдік гранттарды алмайды. Шетелдік мамандар да жұмыс істемейді. Былайша айтқанда, біздің зертханаларымыз шетелдік мемлекеттерге есеп бермейді", - деді Күрішбаев сенаттың жалпы отырысында.
Сенатор тағы бір маңызды мәселені ерекше атап өтті. Қазақстандағы биологиялық зертханалар құпия нысандар санатына кірмейді. Олардың жұмысы ашық, халықаралық сарапшылар кез келген уақытта тексере алады.
"Төртіншіден, BSL-3 биологиялық зертханалары үкіметтің бақылауымен салынды. АҚШ сарапшыларын тек бір мақсатта ғана шақырған. Бізге зертханалардың биологиялық қауіпсіздік жағынан ғылым мен тәжірибенің соңғы жетістіктеріне сай екеніне көз жеткізуіміз керек еді. Бесіншіден, Қазақстан бактериялық, биологиялық және токсиндік қаруға тыйым салу жөніндегі халықаралық конвенцияға қосылған. Осы орайда президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірнеше маңызды бастаманы көтерген болатын. Атап айтқанда, мемлекет басшысы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне есеп беретін арнайы орган - биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құруды ұсынды", - деп атап өтті Күрішбаев.
Сенатор биологиялық қауіпсіздік мәселесін мемлекеттік тілде айтса, зертханаларды қаржыландыруды ресми тілде түсіндірді. Сосын сенаттың бүгінгі отырысында қаралған "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" заңда нақты шектеу бар екенін жеткізді. Оған сәйкес, бактериялық, биологиялық және токсиндік қару қорын жасауға қажетті қауіпті вирустардың айналымына тыйым салынған.
"Осы орайда маңызды бір мәселені атап өткім келеді, шетелдік саясаткерлердің Қазақстандағы зертханалар шет мемлекеттердің бақылауымен әскери-биологиялық қызметпен айналысуы мүмкін деген мәлімдемелері орынсыз және ешбір негізі жоқ", - деді Күрішбаев.
Жаңалықтар
0