Өңірлер

Атырау облысында мектеп оқу кабинетін 1 млрд теңгеге сатып алмақ болған

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуМұғалім
Мұғалім - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2022
Жазылу
Бүгінгі таңда оқу кабинеттерінің орташа бағасы үш жарымнан жеті миллион теңгеге дейін екені белгілі
НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір — Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті Мақат ауданындағы мектеп оқу кабинетінің құнын бірнеше есе арттырғанын анықтады.
"Мақат аудандық білім бөлімінің Б.Қанатбаев атындағы орта мектебі қыздарға арналған технология кабинетін 1 миллиард теңгеге сатып алуды жоспарлады", – деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
Ұсыныс хаттан кейін сома миллиардтан 12 миллион теңгеге дейін төмендеді, деп хабарлайды "Казахстанская правда".
"Осылайша, 1 059 428 571 теңге бюджет қаражаты үнемделді", – деп мәлімдеді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері.
Оқу кабинеттерінің орташа бағасы бүгінде 3,5-тен 7 миллион теңгеге дейін екені белгілі.
Сәуір айының ортасында Солтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Петропавл бейімдеу орталығының бір келі макаронды 18 миллион теңгеге сатып алуды жоспарлағанын анықтады.
Ведомствода атап өткендей, 2022 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша сатып алу бағасының төмендеуінің жалпы сомасы 581,9 миллион теңгені құрады. Жыл басынан бері облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті жоспарланған сатып алу бағасын көтерудің 32 фактісін анықтаған.
Жаңалықтар
0