https://sputnik.kz/20220428/almaty-oblysy-er-adam-24530072.html
Алматы облысында ер адам анасын ұрып өлтірді
Алматы облысында ер адам анасын ұрып өлтірді
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін басбұзар ұсақ тәртіп бұзушылықтар үшін бірнеше рет жауапқа тартылған 28.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-28T21:05+0500
2022-04-28T21:05+0500
2022-04-28T21:05+0500
қоғам
алматы
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:125:1201:800_1920x0_80_0_0_4e603bb753a4668d5fe23d1c8b5be3d8.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Алматы облысында 40 жастағы ер адам ұсталды. Ол туған анасын ұрып өлтіргені үшін айыпталып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. Ресми мәліметке сәйкес, сәуірдің 25-сінен 26-сына қараған түні Алакөл аудандық ауруханасына Бұлақты ауылынан 62 жастағы зейнеткер жеткізілді. Дене жарақатты көп болды. Кейуананы біреу асқан қатыгездікпен өлімші етіп сабаған. Полицейлер осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен марқұмның 40 жастағы ұлын ұстады. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Сотта күдіктінің кінәсі дәлелденсе, сегіз жылдан он екі жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі. Бұған дейін басбұзар ұсақ тәртіп бұзушылықтар үшін бірнеше рет жауапқа тартылған болатын.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_6126eb18119694686f95d89e748fc25a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы
Алматы облысында ер адам анасын ұрып өлтірді
Бұған дейін басбұзар ұсақ тәртіп бұзушылықтар үшін бірнеше рет жауапқа тартылған
НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Алматы облысында 40 жастағы ер адам ұсталды. Ол туған анасын ұрып өлтіргені үшін айыпталып отыр, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, сәуірдің 25-сінен 26-сына қараған түні Алакөл аудандық ауруханасына Бұлақты ауылынан 62 жастағы зейнеткер жеткізілді. Дене жарақатты көп болды. Кейуананы біреу асқан қатыгездікпен өлімші етіп сабаған.
Полицейлер осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен марқұмның 40 жастағы ұлын ұстады.
"Үйде жанжал болған. Сол кезде күдікті мас күйінде өгей әкесін және туған анасын соққыға жыққан. Зейнеткер әйел ауыр жарақат алып, содан қайтыс болды. Ұлы қамауға алынды", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Сотта күдіктінің кінәсі дәлелденсе, сегіз жылдан он екі жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі. Бұған дейін басбұзар ұсақ тәртіп бұзушылықтар үшін бірнеше рет жауапқа тартылған болатын.