Қазақстанда қауіпті мамандық пен қызмет, ауыр еңбек түрлері, қауіпті және зиянды еңбек жағдайындағы жұмыстардың ресми тізімі 7 367-ні қамтып отыр 28.04.2022, Sputnik Қазақстан
Олар тау-кен өнеркәсібі мен саудаға дейін, металлургтер мен мектеп және ЖОО зертханаларындағы қызметкерлерге дейінгі барлық өндіріс саласын қамтиды. Бүгін Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні. Бұл айтулы датаны кей елде Халықаралық еңбекті ұйымдастыру күні немесе Дүниежүзілік жұмыс орнындағы қауіпсіздік пен денсаулық күні деп те атайды.Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 1990 жылы елімізде өндірістегі жазатайым оқиғалардан 38 279 адам зардап шексе, оның ішінде 1 004 адам қайтыс болған. Содан бері қайғылы статистика айтарлықтай қысқарғанмен, толық жойылған жоқ. Мысалы, 2020 жылы Қазақстанда 2033 адам кәсіпорындарда өндірістік жарақат алған. Оның 203-і өліммен аяқталды. Әлемде қандай мамандық ең қауіпті саналатыны туралы толығырақ суреттер топтамасынан көріңіз. да тиімді және қауіпсіз еңбек жағдайын жақсарту бойынша кешенді бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Әлемде қандай мамандық ең қауіпті саналатыны туралы толығырақсуреттер топтамасынан көріңіз.
Қазақстанда қауіпті мамандық пен қызмет, ауыр еңбек түрлері, қауіпті және зиянды еңбек жағдайындағы жұмыстардың ресми тізімі 7 367-ні қамтып отыр
Олар тау-кен өнеркәсібі мен саудаға дейін, металлургтер мен мектеп және ЖОО зертханаларындағы қызметкерлерге дейінгі барлық өндіріс саласын қамтиды. Бүгін Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні. Бұл айтулы датаны кей елде Халықаралық еңбекті ұйымдастыру күні немесе Дүниежүзілік жұмыс орнындағы қауіпсіздік пен денсаулық күні деп те атайды.
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 1990 жылы елімізде өндірістегі жазатайым оқиғалардан 38 279 адам зардап шексе, оның ішінде 1 004 адам қайтыс болған.
Содан бері қайғылы статистика айтарлықтай қысқарғанмен, толық жойылған жоқ. Мысалы, 2020 жылы Қазақстанда 2033 адам кәсіпорындарда өндірістік жарақат алған. Оның 203-і өліммен аяқталды.
Әлемде қандай мамандық ең қауіпті саналатыны туралы толығырақ суреттер топтамасынан көріңіз. да тиімді және қауіпсіз еңбек жағдайын жақсарту бойынша кешенді бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр.
Әлемде қандай мамандық ең қауіпті саналатыны туралы толығырақсуреттер топтамасынан көріңіз.
Көп жылдан бері шахтер мамандығы ең қауіпті кәсіптің бірі саналады. Кез келген уақытта жер жынысы опырылуы немесе улы газ бөлінуі мүмкін жерасты үңгірлерінде тек жүрегінің түгі бар адамдар ғана жұмыс істей алады
Жүк көлігі жүргізушілері алыс сапар кезінде тек өзіне және кейде әріптестеріне ғана сенім арта алады. Биыл қолайсыз ауа райы, көліктің жолда бұзылуы және жанармай бағасының қымбаттауына санкциялар қосылып, жүргізушілерді әбігерге салды
Бұл адамдар қолдарына қару ұстап үйренген. Бірақ оны шынайы өмірде қолдану қажеттігі туындамайды деп үміттенеді. Әскерилер де әлемдегі ең қауіпті мамандық иелерінің қатарында тұр
Электр қуатымен байланысты жұмыстың барлығы қауіпті. Ал жерден бірнеше метр биіктіктегі электр сымдарымен жұмыс істеудің қаупі еселене түседі. Бір қате шешім жұмысшының тоқ соғу немесе биіктен құлау салдарынан тіл тартпай көз жұмуына алып келуі мүмкін
Сапердің іс-қимылы тікелей өмірге төнген қауіппен байланысты. Қорғаныс костюмдері 100 процент қорғанысты қамтамасыз ете алмайды. Бұл мамандық жұмысшылардан дәлдігі жоғары іс-қимыл мен мол тәжірибені қажет етеді. Саперлер жарылу қаупі бар барлық құрылғының құрылысы мен құрамын білуге тиіс. Олар экстремалды жағдайда сабырлы болуға дағдыланады. Көп жағдайда бір емес, бірнеше адамның өмірі саперлердің қолында тұрады
Пайда болғанына жүздеген жыл өтсе де, ағаш кесуші мамандығы қазір де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Зор күшті қажет ететін бұл кәсіпте күнде қауіп-қатер туындайды. Биікке өрмелеп шыққан ағаш кесушілер үшін оқыс жағдайда құлау кезінде аман алып қалатын қорғаныс құралдары қарастырылмаған. Топырағы тұрақсыз таулы аймақтардағы жұмыстың қаупі орасан зор. Статистика бойынша 100 000 жұмысшының 17%-і кәсіптік мінддетін атқару кезінде көз жұмады
Каскадерлер өз өміріне қауіп төндіре отырып, кино жұлдыздарының күрделі рөлді еш қатерсіз аман-сау сомдап шығуына көмектеседі. Бұл батыл адамдар таулы өлкелерде машина жүргізу немесе жоғары биіктіктен секіру арқылы күн сайын ажалмен бетпе-бет келіп жүр
Халықтың әлеуметтік жағдайы төмен өкілдерімен, қылмыскерлермен және террористермен жұмыс істеу аса қауіпті. Қоғамдық тәртіпті қалпына келтіру үшін полиция қызметкерлеріне қарулы, агрессияға ерік берген адамдармен жұмыс істеуіне тура келеді