https://sputnik.kz/20220427/zhasospirim-mektep-soqqy-24478403.html
Атырауда жасөспірім мектеп әжетханасында аяусыз соққыға жығылды
Атырауда жасөспірім мектеп әжетханасында аяусыз соққыға жығылды
Sputnik Қазақстан
Мектепте жәбірленушіге көмек көрсете алмады, өйткені жарақаты ауыр еді 27.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-27T07:35+0500
2022-04-27T07:35+0500
2022-04-27T08:19+0500
өңірлер
атырау
жасөспірім
соққы
https://sputnik.kz/img/878/08/8780845_42:0:1100:595_1920x0_80_0_0_b6e314f20651fbdc34e252e06ec51848.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір - Sputnik. Атырауда №36 мектептің 11-сынып оқушылары мектеп әжетханасында 10-сынып оқушысын соққыға жыққан, деп хабарлады Ақжайық.Салдарынан жасөспірім есінен танып қалған. Мектепте жәбірленушіге көмек көрсете алмады, өйткені жарақаты ауыр еді, кәсіби дәрігерлердің көмегі қажет болды. "Жәбірленуші 25 сәуірде сағат 17:00 шамасында облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне түсті. Ол лор бөлімшесіне жатқызылды. Науқасқа шұғыл хирургиялық көмек қажет емес болды", - дейді облыстық балалар ауруханасының директоры Нұрқабыл Айтмұхамбетов.Алайда жасөспірімге жақ-бет хирургиясы маманының көмегі қажет еді. Атырау облыстық балалар ауруханасында мұндай маман жоқ болғандықтан науқасты Батыс Қазақстан облыстық ауруханасының мамандарына жіберу ұйғарылды. Оның диагнозымен пациентті 7-10 күн ішінде жоспарлы түрде операцияға қабылдауға тиіс еді. "Алайда ата-анасы ұлын қолхат жазып, ұшақпен Оралға алып кетті. Облыстық балалар ауруханасы қазіргі таңда жақ-бет хирургиясы маманын даярлап жатыр, ол биылдан бастап жұмысқа кірісуге тиіс", – дейді аурухананың бас директоры. Атырау облыстық полиция департаменті бұл факті бойынша Қылмыстық кодексінің 107-бабымен ("Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру") сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Оны соққыға жыққан 11-сынып оқушысы екені анықталды. Барлық куәгерлерден жауап алынып жатыр.
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/878/08/8780845_248:0:1041:595_1920x0_80_0_0_1140501ab4d76e5b56fa475137a5e0a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау, жасөспірім, соққы
атырау, жасөспірім, соққы
Атырауда жасөспірім мектеп әжетханасында аяусыз соққыға жығылды
07:35 27.04.2022 (жаңартылды: 08:19 27.04.2022) Мектепте жәбірленушіге көмек көрсете алмады, өйткені жарақаты ауыр еді
НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір - Sputnik. Атырауда №36 мектептің 11-сынып оқушылары мектеп әжетханасында 10-сынып оқушысын соққыға жыққан, деп хабарлады
Ақжайық.
Салдарынан жасөспірім есінен танып қалған. Мектепте жәбірленушіге көмек көрсете алмады, өйткені жарақаты ауыр еді, кәсіби дәрігерлердің көмегі қажет болды.
"Жәбірленуші 25 сәуірде сағат 17:00 шамасында облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне түсті. Ол лор бөлімшесіне жатқызылды. Науқасқа шұғыл хирургиялық көмек қажет емес болды", - дейді облыстық балалар ауруханасының директоры Нұрқабыл Айтмұхамбетов.
Алайда жасөспірімге жақ-бет хирургиясы маманының көмегі қажет еді. Атырау облыстық балалар ауруханасында мұндай маман жоқ болғандықтан науқасты Батыс Қазақстан облыстық ауруханасының мамандарына жіберу ұйғарылды. Оның диагнозымен пациентті 7-10 күн ішінде жоспарлы түрде операцияға қабылдауға тиіс еді.
"Алайда ата-анасы ұлын қолхат жазып, ұшақпен Оралға алып кетті. Облыстық балалар ауруханасы қазіргі таңда жақ-бет хирургиясы маманын даярлап жатыр, ол биылдан бастап жұмысқа кірісуге тиіс", – дейді аурухананың бас директоры.
Атырау облыстық полиция департаменті бұл факті бойынша Қылмыстық кодексінің 107-бабымен ("Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру") сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады.
Оны соққыға жыққан 11-сынып оқушысы екені анықталды. Барлық куәгерлерден жауап алынып жатыр.