https://sputnik.kz/20220427/zhambyl-oblysy-altyn-24499026.html
Жамбыл облысында жұмысшылар 20 қап алтын рудасымен ұсталды
Жамбыл облысында жұмысшылар 20 қап алтын рудасымен ұсталды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысында құрамында алтыны бар кенді 20 қапқа салып алған алты жұмысшы ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz. 27.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-27T21:50+0500
2022-04-27T21:50+0500
2022-04-27T21:50+0500
алтын өндіру
https://sputnik.kz/img/1021/95/10219518_0:148:3117:1901_1920x0_80_0_0_f928bf729895d415d4f8d6821dda1035.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысында құрамында алтыны бар кенді 20 қапқа салып алған алты жұмысшы ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.Мойынқұм ауданында полицейлер аумақты патрульдеу кезінде Ақбақай ауылының маңында орналасқан Қаракөз шахтасында тау жыныстарын заңсыз өндірумен айналысқан бір топ ер адамды анықтады.Полиция қызметкерлері 1976, 1992, 1994 және 1990 жылдары туған алты жұмысшыны ұстады. Оның бесеуі Жамбыл облысының, ал біреуі Алматы облысының тұрғыны болып шықты.Тергеу анықтағандай, ұсталған адамдар 21 сәуірде кен орнына жүк көлігімен келіп, құрамында алтыны бар кенді рұқсатсыз қазып, 20 қапқа салып алған.Префоратор, генератор, темір кескіш және балға түріндегі заттай айғақтар тәркіленді.Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 334-бабы 1-бөлігі (Жер қойнауын өз бетінше пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.Қазіргі таңда сот-химиялық сараптама тағайындалды. Мемлекетке келтірілген залал көлемі анықталады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1021/95/10219518_193:0:2924:2048_1920x0_80_0_0_709c96ee3f1bb53af36200b69f2bc338.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алтын өндіру
Жамбыл облысында жұмысшылар 20 қап алтын рудасымен ұсталды
НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысында құрамында алтыны бар кенді 20 қапқа салып алған алты жұмысшы ұсталды, деп хабарлады
Polisia.kz. Мойынқұм ауданында полицейлер аумақты патрульдеу кезінде Ақбақай ауылының маңында орналасқан Қаракөз шахтасында тау жыныстарын заңсыз өндірумен айналысқан бір топ ер адамды анықтады.
Полиция қызметкерлері 1976, 1992, 1994 және 1990 жылдары туған алты жұмысшыны ұстады. Оның бесеуі Жамбыл облысының, ал біреуі Алматы облысының тұрғыны болып шықты.
Тергеу анықтағандай, ұсталған адамдар 21 сәуірде кен орнына жүк көлігімен келіп, құрамында алтыны бар кенді рұқсатсыз қазып, 20 қапқа салып алған.
Префоратор, генератор, темір кескіш және балға түріндегі заттай айғақтар тәркіленді.
Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 334-бабы 1-бөлігі (Жер қойнауын өз бетінше пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Қазіргі таңда сот-химиялық сараптама тағайындалды. Мемлекетке келтірілген залал көлемі анықталады.