Экономика

Үкімет жерді конкурстан тыс беру мүмкіндігін алып тастауды ұсынды

© Photo : Пресс-служба правительстваЭкономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия
Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Үкіметте Қазақстан экономикасын демонополизациялау жөніндегі бірқатар шара қаралды.
Қазіргі таңда әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) инвестициялық және инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін конкурстан тыс негізде жер телімдерін бөледі. Алайда бөлінген жер телімдері іс жүзінде көп пәтерлі тұрғын үйлер, мейрамханалар, көлік жуу орындарын және тағы басқа нысандар салу үшін пайдаланылып жатыр, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

Мысал ретінде еліміздің ірі қалаларының бірінде ӘКК-ге 679 га жер бөлінгені айтылды, оның 254 га тұрғын үй құрылысына, 96 га коммерциялық объектілерге және тек 5 га өндірістік база мен зауыт салуға берілген.
"Аталған мәселені шешу үшін ӘКК арқылы жер телімдерін конкурстан тыс беру мүмкіндігін алып тастау ұсынылды, бұл жерді бөлудің ашықтығын қамтамасыз етуге және оны сатудан бюджетке түсетін түсімдердің көлемін ұлғайтуға, нарықтың барлық субъектісіне жерге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін тең мүмкіндіктер беруге жол ашады", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ отырыста магистральдық теміржол желілерін жөндеу саласында бірнеше компания ғана қызмет көрсететіні аталып өтті. Бұл оларға қойылатын жоғары біліктілік талаптарына байланысты болып отыр.

Осыған байланысты премьер-министр Әлихан Смайылов "Самұрық-Қазына" қорына осы салада бәсекелестікке қолайлы жағдай жасау үшін аталған талаптарды жұмсартуды тапсырды.
Жаңалықтар
0