Тоқаевтың кеңесшісі тағайындалды

© Служба центральных коммуникаций Мәлік Отарбаев
Мәлік Отарбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Мәлік Отарбаев Қазақстан президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
"Мемлекет басшысының өкімімен Мәлік Нұржанұлы Отарбаев Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
42 жастағы Мәлік Отарбаев 2020 жылдың қарашасынан бері Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының басшысы болды.
Бұған дейін ол Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
2016-2018 жылдары Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің үшінші хатшысы болды.
Жаңалықтар
0