https://sputnik.kz/20220427/toqaev-atamekendi-transformatsiyalau-24489254.html
Тоқаев "Атамекен" қызметін өзгертуге қатысты шешімді қолдады
Тоқаев "Атамекен" қызметін өзгертуге қатысты шешімді қолдады
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысы палатаны одан әрі дамыту стратегиясымен танысты 27.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-27T11:49+0500
2022-04-27T11:49+0500
2022-04-27T11:55+0500
саясат
қасым-жомарт тоқаев
"атамекен" ұкп
https://sputnik.kz/img/07e6/04/1b/24488750_68:0:683:346_1920x0_80_0_0_52671b1775011910cdf93b2cb0010231.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Президент "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Райымбек Баталовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.Тоқаевқа ұлттық палатаны трансформациялау жолдары таныстырылды. Райымбек Баталов биыл ақпан айында өткен Кәсіпкерлер палатасының кезектен тыс съезінде микро және шағын бизнесті қолдауға мән бере отырып, мекеменің қызметін трансформациялау туралы шешім қабылданғанын айтты. Палата мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттары мен бұйрықтарына қатысты жобаларды бизнеспен бірге талқылап, апробациядан өткізуге ниетті. Бұл мемлекет пен бизнестің өзара конструктивті ықпалдастығын нығайтуға мүмкіндік береді. Кездесу барысында бизнеске жасалатын заңнамалық деңгейдегі қысымды азайтуға, сот пен прокуратура органдарының бизнесті қорғау жөніндегі тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылған.Президент палатаның бизнес пен билік арасындағы ықпалдастықтың алтын көпірі болуға тиіс екенін ерекше атап өтіп, "Атамекеннің" қызметін жүйелі түрде өзгерту қажеттігін қолдады. Ол рансформация кезінде президиум төрағасы мен палата басқармасының позицияларын қосу қажет екенін мақұлдады. Бұл бизнес-ортаны бюрократиядан арылту жөнінде қабылданып жатқан шараларды және жүктелген міндеттерді жылдам әрі тиімді шешу үшін қажет.Мемлекет басшысы кәсіпкерлікті дамытуға және бизнес-қоғамдастық құқығын қорғауға ықпал ететін институт ретінде ҰКП-ны реформалау жұмысын жандандыруды тапсырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/1b/24488750_145:0:606:346_1920x0_80_0_0_3d67e56500aa04909e5dd86011782716.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тоқаев токаев атамекен нпп ұкп
тоқаев токаев атамекен нпп ұкп
Тоқаев "Атамекен" қызметін өзгертуге қатысты шешімді қолдады
11:49 27.04.2022 (жаңартылды: 11:55 27.04.2022) Мемлекет басшысы палатаны одан әрі дамыту стратегиясымен танысты
НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Президент "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Райымбек Баталовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Тоқаевқа ұлттық палатаны трансформациялау жолдары таныстырылды. Райымбек Баталов биыл ақпан айында өткен Кәсіпкерлер палатасының кезектен тыс съезінде микро және шағын бизнесті қолдауға мән бере отырып, мекеменің қызметін трансформациялау туралы шешім қабылданғанын айтты.
"Атамекен" басшысы Алматыда шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламасының жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берді. Мемлекет басшысына салалық сараптаманың сапасы мен жауапкершілігін арттыру үшін бизнесті жұмылдыру жөніндегі палатаның жоспары таныстырылды", - делінген ақпаратта.
Палата мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттары мен бұйрықтарына қатысты жобаларды бизнеспен бірге талқылап, апробациядан өткізуге ниетті. Бұл мемлекет пен бизнестің өзара конструктивті ықпалдастығын нығайтуға мүмкіндік береді.
Кездесу барысында бизнеске жасалатын заңнамалық деңгейдегі қысымды азайтуға, сот пен прокуратура органдарының бизнесті қорғау жөніндегі тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылған.
Президент палатаның бизнес пен билік арасындағы ықпалдастықтың алтын көпірі болуға тиіс екенін ерекше атап өтіп, "Атамекеннің" қызметін жүйелі түрде өзгерту қажеттігін қолдады.
Ол рансформация кезінде президиум төрағасы мен палата басқармасының позицияларын қосу қажет екенін мақұлдады. Бұл бизнес-ортаны бюрократиядан арылту жөнінде қабылданып жатқан шараларды және жүктелген міндеттерді жылдам әрі тиімді шешу үшін қажет.
Мемлекет басшысы кәсіпкерлікті дамытуға және бизнес-қоғамдастық құқығын қорғауға ықпал ететін институт ретінде ҰКП-ны реформалау жұмысын жандандыруды тапсырды.