Теңге бағамы нығайды

© Sputnik / Абзал КалиевТеңге, монета
Теңге, монета - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2022
Жазылу
Доллар 4 теңгеге арзандады
НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. KASE қор биржасындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 449,1 теңге болды.
Саудаға қатысушылар жалпы сомасы 115,57 миллион долларға 340 мәміле жасады. Осылайша ұлттық валюта 4 теңгеге нығайды. Бір күн бұрын доллардың орташа бағамы 453,46 теңге деңгейінде болған.
Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау орындары долларды орта есеппен 447-450 теңгеден сатып алып, 451-452 теңгеден сатып жатыр.
Рубльдің орташа бағамы 6,15 теңгені құрады. Саудаға қатысушылар жалпы сомасы 1,75 миллиард рубльге 81 мәміле жасады.
Жаңалықтар
0