Тараз тұрғыны енесінің үйін тонап кетті – видео

© Sputnik / Абзал Калиев Иллюстративті фото
 Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Тараз тұрғыны енесінің үйіне баса-көктеп кіріп, алтын мен ақшаны тартып алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Polisia.kz порталы хабарлады.
Тараз қалалық полиция департаментіне 66 жастағы әйел хабарласып, үйіне қарақшылық шабуыл жасалғанын айтқан. Түнгі сағат 00:20-де белгісіз ер адам жәбірленушінің үйіне заңсыз кірген. Сосын күш қолданамын деп қорқытып, 2 450 АҚШ долларын, 100 мың теңгені, сондай-ақ екі алтын сақина мен телефонын алып кеткен. Жәбірленуші қажылық жасау үшін ақша жинаған.
Полицейлер Қылмыстық кодекстің 191-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында екі күдікті ұсталды. Олар – Тараздың 47 және 51 жастағы тұрғындары. Біреуі жәбірленушінің күйеу баласы болып шықты.
Айта кетері, мұндай қылмыс үшін бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамдардың мүлкі тәркіленеді.
Жаңалықтар
0