Өңірлер

Шымкентте алты ауданға жарты жыл бойы ыстық су берілмейді

© Photo : Пресс-служба акима Алматы архивтегі сурет
архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2022
Жазылу
Энергетика басқармасының хабарлауынша, ыстық сумен қамтамасыз ету экономикалық тұрғыдан тиімсіз, сондықтан тұрғындар жылыту маусымының басталуын күтуге мәжбүр
АЛМАТЫ, 27 сәуір – Sputnik. Шымкентте 200-ден астам көпқабатты тұрғын үй "3-Энергорталық" қазандығының тозуына байланысты ыстық судан ажыратылады.
Қала тұрғындарына алдын ала Аристон су жылытқышын сатып алу және орнату ұсынылды, деп жазды "Отырар" порталы.
Восток, Север, Отырар, 16, 17 және 18 шағын ауданның тұрғындары су жылытқышқа ауысады. Бұл аудандарды тозығы жеткен "3-Энергорталык" қазандығы ыстық сумен қамтамасыз ете алмайды. Шымкенттің жаңа шағын аудандарына су беру оразаның соңына дейін тоқтатылмайды.
"Тұран, Шымсити ықшам аудандарында ыстық су өшірілмеді, қаланың жартысында ыстық су бар. Жылыту маусымынан кейін тексеріс жүргізгіміз келді, бірақ халық ораза кезінде ыстық суды өшірмеуді өтінді. Сондықтан Ораза кезінде барлығында ыстық су өшірілмеді", - деді Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Боранбай Болатбеков.
Энергетика басқармасының хабарлауынша, ыстық сумен қамтамасыз ету экономикалық тұрғыдан тиімсіз, сондықтан тұрғындар жылыту маусымының басталуын күтуге мәжбүр.
"Қаланың ескі бөлігі ЖОЭ-ға қосылған, ол жерде ыстық су беру экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Онда диаметрі 1000 құбыр бар, суды жылыту шығын әкеледі. Қаланың ескі бөлігінде жазда ешқашан ыстық су болмаған", - дейді Боранбай Болатбеков.
Жаңалықтар
0