https://sputnik.kz/20220427/qazaqstan-mugedek-terminder-24484484.html
Қазақстан "мүгедек", "соқыр", "саңырау", "мылқау" деген терминдерден бас тартты
Қазақстан "мүгедек", "соқыр", "саңырау", "мылқау" деген терминдерден бас тартты
Sputnik Қазақстан
Сондай-ақ оңалту, мүгедектіктің алдын алу қызметтерін біріздендіру мақсатында "абилитация" түсінігі енгізілді 27.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-27T10:12+0500
2022-04-27T10:12+0500
2022-04-27T10:12+0500
денсаулық
мүмкіндігі шектеулі тұлғалар
заң
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/16/15268136_0:133:1280:853_1920x0_80_0_0_ac6faedc829ed30c4d29b374d8a3061c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Қазақстанда енді мүмкіндігі шектеулі адамдарға қатысты "мүгедек" емес, "мүгедектігі бар адам" термині қолданылады. Парламент мәжілісі мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Заң жобасына сенат пен мәжілістің бір топ депутаты бастамашылық жасады. Заң жобасы бойынша 75 заңнамалық актіге, яғни 11 кодекс және 64 заңға өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Мысалы, оның айтуынша, әлемдік тәжірибеде "рeople-first language" деген түсінік бар, яғни, бірінші кезекте оның адам баласы екеніне мән беріліп, кейін оның ауру-сырқаты жөнінде айтылуы қажет. Сондай-ақ заң жобасымен жұмыс істеу барысында депутаттар "соқыр", "саңырау", "мылқау" деген терминдерді "көру қабілетінен толық айырылған адамдарға", "есту қабілетінен толық айырылған адамдарға", "сөйлеу қабілетінен толық айырылған адамдарға", "мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы" деген терминді "мүгедектігі бар адамның абилитациясы және оны оңалтудың жеке бағдарламасына" өзгерту жөніндегі заң жобасының тұжырымдамасына сәйкес келтіруге бағытталған түзетулер енгізді. Сонымен қатар, оңалту, мүгедектіктің алдын алу және осы бағыттағы атқарылып жатқан қызметтерді біріздендіру мақсатында "абилитация" түсінігі енгізілді. Абилитацияның сапалы ұйымдастырылуы, медициналық реабилитациядағы ем-домның сапасын едәуір көтеретін әлеуметтік-психологиялық, медициналық көмек. Аталған норма БҰҰ конвенциясына сәйкестендірілді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/16/15268136_114:0:1251:853_1920x0_80_0_0_c264fcd4b99723ccc633e5a608fbde64.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, заң
мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, заң
Қазақстан "мүгедек", "соқыр", "саңырау", "мылқау" деген терминдерден бас тартты
Сондай-ақ оңалту, мүгедектіктің алдын алу қызметтерін біріздендіру мақсатында "абилитация" түсінігі енгізілді
НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Қазақстанда енді мүмкіндігі шектеулі адамдарға қатысты "мүгедек" емес, "мүгедектігі бар адам" термині қолданылады.
Парламент мәжілісі мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Заң жобасына сенат пен мәжілістің бір топ депутаты бастамашылық жасады.
Заң жобасы бойынша 75 заңнамалық актіге, яғни 11 кодекс және 64 заңға өзгерістер енгізу жоспарланып отыр.
"Заң жобасында мүгедек адамдарға қатысты дискриминацияға жол бермеу мақсатында бірқатар нормалар енгізіліп отыр. Оның ішінде, "мүгедек", "мүгедек бала", "Ұлы Отан соғысының мүгедегі" деген сөздер тиісінше "мүгедектігі бар адам", "мүгедектігі бар бала" және "Ұлы Отан соғысы кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы және ауруы салдарынан мүгедектігі бар адам" деген сөздермен ауыстырылады", - деді депутат Елнұр Бейсенбаев.
Мысалы, оның айтуынша, әлемдік тәжірибеде "рeople-first language" деген түсінік бар, яғни, бірінші кезекте оның адам баласы екеніне мән беріліп, кейін оның ауру-сырқаты жөнінде айтылуы қажет.
Сондай-ақ заң жобасымен жұмыс істеу барысында депутаттар "соқыр", "саңырау", "мылқау" деген терминдерді "көру қабілетінен толық айырылған адамдарға", "есту қабілетінен толық айырылған адамдарға", "сөйлеу қабілетінен толық айырылған адамдарға", "мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы" деген терминді "мүгедектігі бар адамның абилитациясы және оны оңалтудың жеке бағдарламасына" өзгерту жөніндегі заң жобасының тұжырымдамасына сәйкес келтіруге бағытталған түзетулер енгізді.
Сонымен қатар, оңалту, мүгедектіктің алдын алу және осы бағыттағы атқарылып жатқан қызметтерді біріздендіру мақсатында "абилитация" түсінігі енгізілді.
Абилитацияның сапалы ұйымдастырылуы, медициналық реабилитациядағы ем-домның сапасын едәуір көтеретін әлеуметтік-психологиялық, медициналық көмек.
Аталған норма БҰҰ конвенциясына сәйкестендірілді.