https://sputnik.kz/20220427/oskemen-zheke-kualig-24478557.html
Шығыс Қазақстан тұрғыны 63 жасында алғашқы жеке куәлігін алды
Шығыс Қазақстан тұрғыны 63 жасында алғашқы жеке куәлігін алды
Sputnik Қазақстан
Көп жылдар бойы 63 жастағы ауыл тұрғыны КСРО паспортымен өмір сүріп келген 27.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-27T07:59+0500
2022-04-27T07:59+0500
2023-08-11T11:42+0500
өңірлер
өскемен
жеке куәлік
https://sputnik.kz/img/846/05/8460503_84:0:4303:2373_1920x0_80_0_0_a79827f4c30aeb1df28b6ce072cb8962.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір - Sputnik. Өскемен тұрғыны 63 жасында алғашқы жеке куәлігін алды, деп хабарлайды Polisia.kz. Көп жылдар бойы 63 жастағы ауыл тұрғыны КСРО паспортымен өмір сүріп келген, құжатын жоғалтып алып, қазақстандық жеке куәлік рәсімдей алмай жүрген. Шығыс Қазақстан облысының көші-қон қызметінің қызметкерлері өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды әлеуметке қосу үшін орталықпен бірлесіп, жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұратын азаматтарды анықтау бойынша бірлескен жұмыс жүргізеді. Аталған орталықта жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 63 жастағы әйел бар. Туғаннан бастап Ұлан ауданы Таврия ауылында тұрып, жұмыс істеген. 90 жылдары ата-анасы қайтыс болғаннан кейін әйел Өскеменге көшіп, онда бір қыз тәрбиелеп өсіріп, жалдамалы пәтерлерде тұрған. Алайда ешқашан ресми түрде жұмысқа орналаспаған. Оның алған жалғыз құжаты – 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорты болған, бірақ оны да жоғалтып алған. Көші-қон қызметінің және тұлғаларды қайта әлеуметтендіру орталығының қызметкерлері облыс орталығының тұрғынына туу туралы куәлігін қалпына келтіріп, Қазақстан Республикасының азаматы екенін растау үшін қажетті анықтамаларды жинауға көмектесіп, одан әрі ҚР азаматының жеке куәлігіне ресімдеді. Енді әйел жасына байланысты зейнетақы рәсімдеп, денсаулық сақтау қызметтерін ала алады.
өскемен
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/846/05/8460503_611:0:3775:2373_1920x0_80_0_0_e1275a4858d75174b937ec5fc8887e84.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өскемен, жеке куәлік
Шығыс Қазақстан тұрғыны 63 жасында алғашқы жеке куәлігін алды
07:59 27.04.2022 (жаңартылды: 11:42 11.08.2023) Көп жылдар бойы 63 жастағы ауыл тұрғыны КСРО паспортымен өмір сүріп келген
НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір - Sputnik. Өскемен тұрғыны 63 жасында алғашқы жеке куәлігін алды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Көп жылдар бойы 63 жастағы ауыл тұрғыны КСРО паспортымен өмір сүріп келген, құжатын жоғалтып алып, қазақстандық жеке куәлік рәсімдей алмай жүрген.
Шығыс Қазақстан облысының көші-қон қызметінің қызметкерлері өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды әлеуметке қосу үшін орталықпен бірлесіп, жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұратын азаматтарды анықтау бойынша бірлескен жұмыс жүргізеді.
Аталған орталықта жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 63 жастағы әйел бар. Туғаннан бастап Ұлан ауданы Таврия ауылында тұрып, жұмыс істеген. 90 жылдары ата-анасы қайтыс болғаннан кейін әйел Өскеменге көшіп, онда бір қыз тәрбиелеп өсіріп, жалдамалы пәтерлерде тұрған.
Алайда ешқашан ресми түрде жұмысқа орналаспаған. Оның алған жалғыз құжаты – 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорты болған, бірақ оны да жоғалтып алған.
Көші-қон қызметінің және тұлғаларды қайта әлеуметтендіру орталығының қызметкерлері облыс орталығының тұрғынына туу туралы куәлігін қалпына келтіріп, Қазақстан Республикасының азаматы екенін растау үшін қажетті анықтамаларды жинауға көмектесіп, одан әрі ҚР азаматының жеке куәлігіне ресімдеді.
Енді әйел жасына байланысты зейнетақы рәсімдеп, денсаулық сақтау қызметтерін ала алады.