Нұр-Сұлтанда мешіттер қасиетті Қадір түнін қалай қарсы алады?

© Sputnik / Владислав Воднев"Рақымқызы Райса ана" мешіті
Рақымқызы Райса ана мешіті - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласындағы мешіттерде Қадір түніне орай өтетін іс-шаралар сағат 22:00-ден басталады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Әзірет Сұлтан" мешітінде жамағат үшін 22:00-де кіріспе түрінде уағыз айтылады. Құптан намазы сағат 22:35-те басталса, Тарауих намазы 22:50-де басталады. Ал Хатым Құран дұғасы 00:30-да оқылады. Ары қарай сағат 01:00-ден бастап жамағаттың еркін құлшылық жасауына мүмкіндік беріледі.
Елордадағы мешіттердің бәрінде Қадір түніне орай ұйымдастырылатын іс-шаралар кестесі осы уақытта өтеді.
Айта кетейік, Қадір түніне орай Нұр-Сұлтанда арнайы жүретін автобустардың уақыты түнгі 01:30-ға дейін ұзартылады. Автобустардың бағдарлары төмендегідей:
"Әзірет Сұлтан" мешітінен жүретін бағдарлардың бағыты:
"Спутник" супермаркеті;
Теміржол вокзалы;
"Көктал-1,2" ТА.
"Әбу Насыр әл-Фараби" мешітінен жүретін бағдарлардың бағыты:
"Көктал-1,2" ТА;
Теміржол вокзалы;
Медицина колледжі.
"Сәдуақас қажы Ғылмани" мешітінен жүретін бағдарлардың бағыты:
"Көктал-1,2" ТА;
"Кирпичный" ТА.
"Ырыскелді қажы" мешітінен жүретін бағдардың бағыты:
"Ильинка" ТА.
"Рақымқызы Райса ана" мешітінен жүретін бағдардың бағыты:
"Рахмет" СО.
Әзірет Сұлтан мешіті - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.05.2021
Қоғам
Санаулы сағаттар қалды: Қадір түнінде не істеуге болмайды
Жаңалықтар
0