https://sputnik.kz/20220427/elorda-qogamdyq-oryn-24505875.html
Елордадағы 200-ден астам қоғамдық орын абаттандырылады
Елордадағы 200-ден астам қоғамдық орын абаттандырылады
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Биыл Нұр-Сұлтандағы 200-ден астам аумақты абаттандыру жоспарланып отыр, деп жазды қала әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік желіде. 27.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-27T20:43+0500
2022-04-27T20:43+0500
2023-08-09T12:22+0500
саябақ
алтай көлгінов
астана
https://sputnik.kz/img/570/75/5707599_0:254:4928:3026_1920x0_80_0_0_314b85e8b09f564efbba8e497cada0ee.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Биыл Нұр-Сұлтандағы 200-ден астам аумақты абаттандыру жоспарланып отыр, деп жазды қала әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік желіде.Көлігнов қаланы жаяу аралау кезінде бірнеше қоғамдық кеңістікке барды: оның ішінде "Demalys Promenade" (Ә.Мәмбетов көшесі бойында), "Театральный" жаяу жүргіншілерге арналған желекжолы, арбат (қалалық саябақ) бар."Осылайша, "Demalys Promenade" пен "Театральный" желекжолын абаттандыру – қаланың тарихи бөлігінде тұрғындардың бос уақытын жайлы өткізуі үшін шағын аудан ашуға, сол сияқты жаяу жүру белсенділігін арттыруға және осы бағытты ары қарай жағалаумен байланыстыруға мүмкіндік берді", - деді әкім.Желтоқсан – Сейфуллин, Бейбітшілік және Омаров көшелерінде, №1 емхананың жанында тағы бір қоғамдық кеңістік ашу жоспарланып отыр.Сол сияқты қараусыз қалған "Жерұйық-2" саябағы (Б.Момышұлы мен Төлебаев көшелерінің қиылысы) абаттандырылады.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/570/75/5707599_278:0:4651:3280_1920x0_80_0_0_a62f0951de8035d9b8873ffd78a9424c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
саябақ, алтай көлгінов, астана
саябақ, алтай көлгінов, астана
Елордадағы 200-ден астам қоғамдық орын абаттандырылады
20:43 27.04.2022 (жаңартылды: 12:22 09.08.2023) НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Биыл Нұр-Сұлтандағы 200-ден астам аумақты абаттандыру жоспарланып отыр, деп жазды қала әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік желіде.
"Биыл жаңадан абаттандырылған аулалар мен қоғамдық кеңістіктердің (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) санын айтарлықтай арттырамыз. Тағы 200-ден астам аумақты абаттандыруды жоспарлап отырмыз, олар жұртшылық үшін міндетті түрде тартымды орындардың біріне айналады", - деп жазды әкім.
Көлігнов қаланы жаяу аралау кезінде бірнеше қоғамдық кеңістікке барды: оның ішінде "Demalys Promenade" (Ә.Мәмбетов көшесі бойында), "Театральный" жаяу жүргіншілерге арналған желекжолы, арбат (қалалық саябақ) бар.
"Осылайша, "Demalys Promenade" пен "Театральный" желекжолын абаттандыру – қаланың тарихи бөлігінде тұрғындардың бос уақытын жайлы өткізуі үшін шағын аудан ашуға, сол сияқты жаяу жүру белсенділігін арттыруға және осы бағытты ары қарай жағалаумен байланыстыруға мүмкіндік берді", - деді әкім.
Желтоқсан – Сейфуллин, Бейбітшілік және Омаров көшелерінде, №1 емхананың жанында тағы бір қоғамдық кеңістік ашу жоспарланып отыр.
Сол сияқты қараусыз қалған "Жерұйық-2" саябағы (Б.Момышұлы мен Төлебаев көшелерінің қиылысы) абаттандырылады.