https://sputnik.kz/20220427/aqtobe-destruktivti-dini-agym-24485373.html
Ақтөбеде есірткі тасымалдаған деструктивті діни ағымның өкілдері ұсталды
Ақтөбеде есірткі тасымалдаған деструктивті діни ағымның өкілдері ұсталды
Sputnik Қазақстан
Олардан бір келіге жуық есірткі тәркіленді 27.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-27T10:32+0500
2022-04-27T10:32+0500
2022-04-27T10:32+0500
қоғам
есірткі
деструктивті діни ағымдар
https://sputnik.kz/img/old/932/78/9327844_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_6829f96cf9503188d31f954b97fb411a.jpg.webp
НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Ақтөбе қаласында деструктивті діни ағымның өкілдері есірткімен ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. Ресми мәліметке сәйкес, 15 сәуір күні түнгі сағат 01:50-де патрульдік полиция Жиенбаев көшесінде жол ережесін бұзған "Ваз-2114" автокөлігін тоқтатқан. Салонда тағы екі жолаушы болды. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 297-бабы 1-бөлігі ( Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Ұсталған үш адам деструктивті діни ағым ұстанушылары болып шықты. Екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айта кетері, осы қылмыс үшін бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамдардың мүлкі тәркіленеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/932/78/9327844_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_218419b01621170dc1d19c82523eb65f.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
есірткі, деструктивті діни ағымдар
есірткі, деструктивті діни ағымдар
Ақтөбеде есірткі тасымалдаған деструктивті діни ағымның өкілдері ұсталды
Олардан бір келіге жуық есірткі тәркіленді
НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Ақтөбе қаласында деструктивті діни ағымның өкілдері есірткімен ұсталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 15 сәуір күні түнгі сағат 01:50-де патрульдік полиция Жиенбаев көшесінде жол ережесін бұзған "Ваз-2114" автокөлігін тоқтатқан. Салонда тағы екі жолаушы болды.
"37 жастағы көлік жүргізуші мен жолаушылардың мінез-құлқы біртүрлі болып көрді. Тәртіп сақшылары күдіктеніп, тексеріс өткізді. Сол кезде көлік жүргізушісінен газетке оралған 6, ал жолаушылардың бірінен "марихуананың" 15 пакет тәркіленді. Есірткінің жалпы салмағы 800 грамм", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 297-бабы 1-бөлігі ( Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Ұсталған үш адам деструктивті діни ағым ұстанушылары болып шықты. Екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Айта кетері, осы қылмыс үшін бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Кінәлі адамдардың мүлкі тәркіленеді.