Өңірлер

Алакөлге жазғы пойыздар қатынай бастайды

© Photo : пресс-служба акимата Алматинской областиАлакөл
Алакөл - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2022
Жазылу
Пойыздар маусым айының ортасынан тамыз айының соңына дейін Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Достық станциясына дейін жүреді
НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір — Sputnik. Жазда Алакөл көлі бағытында пойыздар іске қосылады.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ Алакөл көлі бағытында биыл жазда екі жолаушылар пойызы қатынайтынын хабарлайды", - деді "Қазақстан темір жолы" баспасөз қызметі.
Алакөлге мынадай бағыттар бойынша жетуге болады:
№221/222 Алматы - 2-Достық (коммерциялық) пойызы аптасына 3 рет Алматы-2 вокзалынан 2022 жылдың 15 маусымынан 31 тамызына дейін сәрсенбі, жұма, дүйсенбі күндері қатынайды; Достықтан пойыз 2022 жылдың 16 маусымынан 1 қыркүйегіне дейін бейсенбі, сенбі және сейсенбі күндері жүреді;
Нұр-Сұлтан - 1-Достық бағытындағы №258/257 пойызы Нұр-Сұлтан–1 вокзалынан аптасына 2 рет 2022 жылдың 16 маусымынан 28 тамызға дейін бейсенбі және жексенбі күндері; Достықтан - 2022 жылдың 17 маусымынан 29 тамызға дейін жұма және дүйсенбі күндері қатынайды.
Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға BILET.RAILWAYS.KZ сайты арқылы онлайн-билет рәсімдеуді ұсынады. "ҚТЖ билеттері" мобильді қосымшасын да пайдалануға болады. Егер билеттер болмаса, "күту парағы" функциясын таңдау керек.
Жаңалықтар
0