https://sputnik.kz/20220426/zhenildetilgen-avtokredit-bagdarlamasy-osy-ay-24461166.html
Жеңілдетілген автокредит бағдарламасы осы айдың соңында іске қосылмайды
Жеңілдетілген автокредит бағдарламасы осы айдың соңында іске қосылмайды
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін үкімет жеңілдетілген автокредит бағдарламасы сәуір айының соңына дейін іске қосылады деп мәлімдеген еді 26.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-26T11:20+0500
2022-04-26T11:20+0500
2022-04-26T11:23+0500
қоғам
автокөлік
кредит
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/15/15796365_0:78:1280:798_1920x0_80_0_0_98118bf78d7ccc93c2d28343a9181c5e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір – Sputnik. Жеңілдетілген автокредит бағдарламасы осы аптаның соңында іске қосылмайтын болды. "Жасыл даму" АҚ-дан бағдарламаны қаржыландыруға 100 миллиард теңге 10 мамырға дейін бөлінеді. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Үкімет кулуарында министрден жеңілдетілген автокредит бағдарламасына "Жасыл даму" операторынан қаржы қашан бөлінетінін сұрадық. Брекешевтің айтуынша, бағдарлама мамырдың онына қарай қаржыландырылады. Яғни, бұған дейін айтылып келгендей, автокредит бағдарламасы сәуірдің соңына дейін іске қосылмайтын болып шықты. Бағдарламаның нақты қашан басталатынын индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтан да сұрап көрдік. "Біз өз тарапымыздан құжаттарды 15 сәуірде бекіттік. Бекітілген құжаттарды әріптес министрлікке бердік. Біздің құжат тіркелді. Ал енді олардың құжаттарын күтіп отырмыз. Мен өз тарапымнан жұмысымды жасадым. Енді ол министрлік (экология – Sputnik) өз бұйрығын бекітуі керек. Ол кісілер оныншы мамырда десе, онда оныншы мамырда бекітіледі", - деп жауап берді Өскенбаев. Еске салсақ, бұған дейін үкімет жеңілдетілген автокредит бағдарламасы сәуір айының соңына дейін іске қосылады деп мәлімдеген еді. Индустрия және инфраұрылымдық даму министрлігі бағдарлама шарттарын бекітті. Енді экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қарайтын "Жасыл даму" АҚ-дан бағдарламаны қаржыландыруға ақша бөлінуге тиіс.
https://sputnik.kz/20220414/avtokredit-ministr-kolik-kezek-24200421.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/15/15796365_107:0:1244:853_1920x0_80_0_0_4b6aab0e4e8162dc760365403735536b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жеңілдетілген автокредит бағдарлама программа
жеңілдетілген автокредит бағдарлама программа
Жеңілдетілген автокредит бағдарламасы осы айдың соңында іске қосылмайды
11:20 26.04.2022 (жаңартылды: 11:23 26.04.2022) Бұған дейін үкімет жеңілдетілген автокредит бағдарламасы сәуір айының соңына дейін іске қосылады деп мәлімдеген еді
НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір – Sputnik. Жеңілдетілген автокредит бағдарламасы осы аптаның соңында іске қосылмайтын болды. "Жасыл даму" АҚ-дан бағдарламаны қаржыландыруға 100 миллиард теңге 10 мамырға дейін бөлінеді. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкімет кулуарында министрден жеңілдетілген автокредит бағдарламасына "Жасыл даму" операторынан қаржы қашан бөлінетінін сұрадық. Брекешевтің айтуынша, бағдарлама мамырдың онына қарай қаржыландырылады.
"Үкімет қаулысы шықты. Қазір "Жасыл дамудың" корпоративтік құжаттарын дайындап жатырмыз. Жақын арада, бұйыртса, мамырдың онына дейін бекітеміз. "Жасыл дамудан" ақша мамырдың онына дейін бөлінеді. Бағдарлама сол кезде іске қосылады", - деді Брекешев Sputnik Қазақстан тілшісіне.
Яғни, бұған дейін айтылып келгендей, автокредит бағдарламасы сәуірдің соңына дейін іске қосылмайтын болып шықты. Бағдарламаның нақты қашан басталатынын индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтан да сұрап көрдік.
"Біз өз тарапымыздан құжаттарды 15 сәуірде бекіттік. Бекітілген құжаттарды әріптес министрлікке бердік. Біздің құжат тіркелді. Ал енді олардың құжаттарын күтіп отырмыз. Мен өз тарапымнан жұмысымды жасадым. Енді ол министрлік (экология – Sputnik) өз бұйрығын бекітуі керек. Ол кісілер оныншы мамырда десе, онда оныншы мамырда бекітіледі", - деп жауап берді Өскенбаев.
Еске салсақ, бұған дейін үкімет жеңілдетілген автокредит бағдарламасы сәуір айының соңына дейін іске қосылады деп мәлімдеген еді. Индустрия және инфраұрылымдық даму министрлігі бағдарлама шарттарын бекітті. Енді экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қарайтын "Жасыл даму" АҚ-дан бағдарламаны қаржыландыруға ақша бөлінуге тиіс.