ҰҚК әлеуметтік желіде тараған видеоға түсініктеме берді

© Photo : Рixabay/Skitterphotoархив фото
архив фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2022
Жазылу
Осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде
НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір — Sputnik. Әлеуметтік желілерде таралған қарулы адамдардың атысы бейнекадрлары 2022 жылғы қаңтардың 5-інен 6-сына қараған түні Тараз қаласында орын алған, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Ведомство ақпаратына сүйенек, онда саны 350-ге дейінгі топ атыс қаруын қолдана отырып, ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментін басып алғысы келген.
"Қорғаныс барысында атыс жарақатынан департаменттің терроризмге қарсы орталығының бөлім бастығы подполковник Дастан Әділбай қаза тапты", - делінген хабарламада.
Осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Жаңалықтар
0