https://sputnik.kz/20220426/temirtau-oqushy-turme-24473867.html
Теміртауда оқушы ұзақ уақытқа түрмеге қамалуы мүмкін
Теміртауда оқушы ұзақ уақытқа түрмеге қамалуы мүмкін
Sputnik Қазақстан
Жас жігітті тінту кезінде "скорocть" деген есірткі затының 40 түйіні табылды 26.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-26T17:26+0500
2022-04-26T17:26+0500
2023-08-09T09:57+0500
есірткі
оқушы
https://sputnik.kz/img/725/89/7258949_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_79cb8acdfefbb005786bb9a07b6a735e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір – Sputnik. Теміртау қаласында синтетикалық есірткіні тығумен айналысқан мектеп оқушысы ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.Ресми мәліметке сәйкес, 17 жастағы теміртаулық 15 сәуірде құрықталды. Жас жігіт синтетикалық есірткі тығып жүрген. Тінту кезінде тығып үлгермеген "скорocть" деген есірткі затының 40 түйіні табылды.Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.Осы орайда тәртіп сақшылары есірткі заттарын сату, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды есірткі сатуға тарту фактілері анықталса, 42-92-92 сенім телефонына хабарлауға кеңес берді. Ақпарат берген адамның аты-жөні құпия сақталады."Сондай-ақ жазу, сурет салу немесе басқа да тәсілдермен есірткі заттарын жарнамалап, насихаттауға Қылмыстық кодекстің 299-1-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген және осы заңсыз әрекеттерді жасағандарға 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады", - деп атап өтті тәртіп сақшылары.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/725/89/7258949_292:0:1856:1173_1920x0_80_0_0_94442ccd493a0823a5b4150b3028a970.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
есірткі, оқушы
Теміртауда оқушы ұзақ уақытқа түрмеге қамалуы мүмкін
17:26 26.04.2022 (жаңартылды: 09:57 09.08.2023) Жас жігітті тінту кезінде "скорocть" деген есірткі затының 40 түйіні табылды
НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір – Sputnik. Теміртау қаласында синтетикалық есірткіні тығумен айналысқан мектеп оқушысы ұсталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 17 жастағы теміртаулық 15 сәуірде құрықталды. Жас жігіт синтетикалық есірткі тығып жүрген. Тінту кезінде тығып үлгермеген "скорocть" деген есірткі затының 40 түйіні табылды.
Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
"Есірткі заттарын тасымалдау әрекеті оны өткізу ретінде сараланады және ол үшін 10 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделген", - дейді полицейлер.
Осы орайда тәртіп сақшылары есірткі заттарын сату, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды есірткі сатуға тарту фактілері анықталса, 42-92-92 сенім телефонына хабарлауға кеңес берді. Ақпарат берген адамның аты-жөні құпия сақталады.
"Сондай-ақ жазу, сурет салу немесе басқа да тәсілдермен есірткі заттарын жарнамалап, насихаттауға Қылмыстық кодекстің 299-1-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген және осы заңсыз әрекеттерді жасағандарға 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады", - деп атап өтті тәртіп сақшылары.